Untitled Document

Ақ энергия көзі (сүт) (13.10.2009)

Ақ энергия көзі (сүт) (13.10.2009)
    Сүт – жетілу шағындағы баладан бастап, 7-70 жас аралығындағы барлық адамдар үшін қажетті, бүкіл азық қорын ішіне қамтыған азық түрі.
    Өсіп жетілудің негізі – сүт. Дененің өмірлік функцияларын атқаратын жүрек, нерв және бұлшық ет клеткалары үшін керекті. Сүттің құрамы кальций, калий, фосфор және протеиндермен қанық. Клетка және тіндердің қалыптасуы, қажыған бөліктердің жаңалануында өте маңызды және салауатты өмір үшін идеалды азық. Әсіресе 2 жасқа жетпеген балаларға майлы сүт беру керек. Пайдалары санап таусылмайтын бұл сүтті немесе сүт өнімдерін күніне ең аз жарты литірін тұтыну керек.
    Жарты кг сүт, адамның күндік қажеттілігін яғни калцийдің 75%, фосфордың 60%, иодтың 25%, В2 және В12 витаминінің 77%, С витаминінің 15%, А витаминінің 23%, D витаминінің 16% қамтиды.
    Сүттің басқа да біршама пайдалары:

  • Асқазан ауруларын кетіреді.
  • Ас қорыту жүйесін реттейді.
  • Өсуді және жетілуді қамтамасыз етеді.
  • Тістердің шіруінің алдын алады.
  • Клетка және тіндердің қалыптасуында маңызды.
  • Шаш және тырнақтың қалыптасуында маңызды.
  • Майсыз сүт холестеринді түсіреді.
  • А, В, С, D, Е, К, витаминдері бар.
  • Жаралардың тез бітіп кетуін қамтамасыз етеді.
  • Қанның тез ұйуын қамтамасыз етеді.
  • Салмақ деңгейін реттейді.
  • Бұлшық еттерді күшейтеді.
  • Іш өтуін емдейді.
  • Клеткаларды қалпына келтіреді.
  • Сүйектерді қатайтады.
  • Созылмалы бронхиттің алдын алады.
  • Қысым көтерілу қауібін азайтады.
  • Сүйек еруінің алдын алады.
  • Мидың жетілуіне және жұмыс істеуінде өте пайдалы.
       Дүние жүзінде жылына адам басына орталама 18-20 литр сүт ішіледі, ЕО елдерінде 80-90 литр, ал АҚШ-та 120 литрге дейін жетеді.