Естелік - Бір естеліктің мазмұны
Түркия Білім және Ғылым министірлігінде комиссия басшысы болған зейнеттегі Ахмет Юрдакулдың “Бір естелік” атты хатынан алынған үзінді:
Өте жақсы түрікше сөйлейтін және мұсылман болған немісті аты Ахмет болғанына қарай түрік деп ойлап, Измирде полиция қамауға алады. Фамилиясына да мән бермейді. Өзі неміс екендігін айтқанымен сендіре алмайды. Бар кінәсі үстіне киген киімі еді. Басында сәлде, жерге дейін созылған ақ шапан және әппақ сақал!..
Қамаудан шыққанында Ахмет Шмайдер оларға былай дейді:
“Менің киген киіміме бола қамауға алдыңдар... Мен бұл киіммен сендердің аталарың Фатих, Йавуз, Қануни Сұлтандарға ұқсаймын. Ал сендер мына әрекеттеріңмен менің аталарым Ганстарға, Шюллерге ұқсап кеттіңдер. Еуропа Одағына мүшелік киіммен болмайды. Пікірмен болады, өндіріспен болады, мәдениет және әдеппен болады.”
Неміс Ахмет қалай мұсылман болғандығын былай айтып берді:
“Пакістанға барған кезім. Ол кездерде атеист едім. Ешбір дін мені қызықтырмайтын. Кешкісін мұнаралар жарықтандырылып азаншылар түрлі иләһи өлеңдер айтып жатты. Ұзақ жатып тыңдадым. Бір үйлесімділік бар еді. Көбі арапша болғандықтан түсінбедім.
Ертеңіне Пакістанның діни басқармасына бардым. Кешегі болған салтанат не еді? дедім. Ол жердегілер маған «кеше Пайғамбарымыз хазреті Мухаммедтің туған күні еді.
Соны тойладық» деді. Олай болса маған оның бір кітабын беріңдер дедім.
Маған бір хадис кітабын берді. Орта жағынан бір бетін аштым да аударып бер дедім. Тістеріңді мисуакпен тазалаңдар! деп жазылған деді.
Мисуактың не екендігін сөздіктен қарап біліп, лабараторияға әкеліп зерттеткіздім.
Мисуак – витамидермен қаныққан ағаш. Егер қолданылатын болса скорбут (цинга) ауруының алдын алады. Суды асқазанда ассимиляциялайды, ас қорытуды жақсартады. Асқазанның жұмысын жеңілдетеді. Ең маңыздысы тұрақты қолданатындарда геморрой ауруы болмайды. Міне осылай бір ағаш бөлшегі мені иманға қауыштырып, мұсылман болдым.”
Ал негізі мисуактың бұдан да басқа пайдалары өте көп. Бірақ неміс тек осыны ғана аңғарып мұның өзі де оған жеткілікті болыпты.