Untitled Document

Сұхбат - Пайғамбардың әулеті (Әһли бәйт)

“Тирмизи” хадис кітабындағы бұл мағлуматтар сахаба Зайд бин Әркамнан алынған. Хадис шәрифте: «Сендерге екі нәрсе қалдырамын. Осыларды ұстансаңдар, Менен кейін тура жолда қаласыңдар. Біріншісі екіншісінен артық. Ол – Аллаһтың кітабы. Екіншісі - әһли бәйтім. Қияметте Хауз басында маған қауышқанға дейін бұл екеуі бір-бірінен айырылмайды» делінген. “Бір-бірінен айырылмайды” деген сөз - Құран Кәрімді ұстанған адамның әһли бәйтті сүюі, құрметтеуі керек дегенді білдіреді. Әһли бәйтті ұстану – оларды жақсы көру болып табылады. Бұл Құран Кәрімге мойынсұну қандай сауап болса, әһли бәйтті сүю де сондай сауап екендігін көрсетеді. Әһли сүннет сенімінде болған мұсылман әһли бәйтті де, асхаби кирамның барлығын да жақсы көреді.

Бір хадис шәрифте: «Менің әулетіме, тегіме тіл тигізіп, мені ренжіткендерге Аллаһу та’ала өте қатты азап береді» делінген.

Тағы бір хадис шәрифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз – Менен кейін әһли бәйтіме жақсылық жасағандарыңыз» делінді.

Хазіреті Әли риуаят еткен екі хадис шәрифте: «Әһли бәйтіме тиіскен адамға қиямет күні соның азабы жеткілікті болады» және «Сират көпірінен ең оңай өтетініңіз – әһли бәйтіме және сахабаларыма ерекше махаббат пен құрмет көрсеткендеріңіз» деп айтылған.

Әһли Бәйт - Хусейн “радиаллаһу анһ”

Ол – Расулуллаһтың немересі, хазіреті Әлидің екінші баласы. Он екі имамның үшіншісі, әһли бәйттің бесіншісі. Оның тегінен шыққандар “Сейид” (саййид) деп аталады.
Хижраның 6 жылы туылып, 61 (м.680) жылы мухаррам айының 10-нда Кербалада шәйіт болады. Басы Мысырдағы Карафа қабірстанында.

Расулуллаһтың сүйікті немересі болғандықтан сүнни мүсылмандардың да сүйіктісі болатын. Шииттер оны Әлидің ұлы болғандықтан жақсы көреміз деп 10 мухаррам күні аза тұтады. Исламда аза тұту деген нәрсе жоқ. Осы қылықтарынан олардың әһли бәйт пен және он екі имаммен байланысы жоқ екендігі байқалады. Өйткені, оларды шынайы жақсы көріп, жолын ұстанатындар – әһли сүннет сеніміндегілер. Хадис шәрифте «Хасан мен Хусейн – жәннат жастарының ең ұлылары» деп айтылған.