Untitled Document

Сұхбат - Жетімнің айт мейрамындағы қуанышы

 Бір айт күні пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уасаллам» үйінен шығып мешітке бара жатып, жолда айт мейрамының қуанышымен ойнап жүрген бір топ баланы көреді. Барлығы мерекеге байланысты жаңа киімдерін киіп, қуанышты күйде сайран салып ойнап жүреді. Іштерінде арық, әлсіз бала бар еді. Киімдері жыртық, ескі-құсқы, өзі мұңды күйде бір шетте ойнап жүрген балаларға қарап тұрған еді. Пайғамбарымыз бұл балаға:

  • Балам, неге достарыңмен ойнамай, шетте тұрсың?-дейді. Бала сұраған кісінің кім екендігін білмей:
  • Мен жетіммін. Әкем соғыста шәһит болған, анам басқа біреумен тұрмыс құрды-деп жауап береді. Пайғамбарымыз мейірімімен баланың қолынан ұстап, басынан сипайды.
  • Балам, Расулуллаһ әкең, Айша анаң, немерелері Хасан мен Хусейн де бауырларың болуын қалайсың ба?

Жетім бала алдындағы мейірім толы, нұр жүзді адамның Пайғамбарымыз екендігін түсініп қуанғанынан:

  • Әрине қалаймын Ей Расулаллаһ- дейді. Пайғамбарымыз «алейһиссалам» баланың қолынан жетектеп үйіне алып барады. Тамақтандырып, жаңа киімдер кигізеді. Ондағы өзгерістерді көрген достары қасына жиналып:
  • Сенде қандай өзгерістер болды?- деп сұрайды. Жетім бала болғандарды айтып береді. Пайғамбарымызға бала болғанын естігенде достары:

Біздің де әкелеріміз шәһит болып, бізді де пайғамбарымыз бала етіп алса екен-дейді.