Сұхбат - Тафсир және Хадис
Ғалым болмаған адамдардың, тәпсірден, хадистен дін үйренуі мүмкін емес. Мысалыға дәреттің фарызы Ханафиде 4, Шафииде 6, Малики және Ханбалида одан да көп. Тәфсир және Хадистен дәреттің фарзын үйренудің өзі мүмкін болмағанда, ақида (сенім) мәселелерін үйрену қалай мүмкін болмақ? Сондықтанда Ислам ғалымдары жылдар бойы еңбектеніп, Құран кәрім мен Хадис шәрифтерден шығарған үкімдерін, кітаптарға жазған.
Бір мұсылман қай мазһабта болса, сол мазһабтың кітаптарын оқып, дінін үйренуі керек. Әр мұсылман бір илмихал кітабын оқып дініне қатысты бүкіл мәліметтерді үйрене алады. Қарапайым бір адамның медициналық кітапқа қарай отырып ауруларға диагноз қоюы, емдеуі және операция жасауы миллионда бір ықтималдылық болса да іске асуы мүмкін. Бірақ, Құран мен Хадистен тікелей дін үйренуі мүмкін емес. Яғни әрбір істі өз маманынан үйрену керек. Фиқһ кітаптарын мұсылмандарға “жау” ретінде көретіндер, “Дінді Құран және хадистен тікелей үйреніңдер!” дейтіндер барып тұрған сауатсыз надандар немесе дінде фитна-бүлік шығарып, мұсылмандар арасына іріткі салып, саналарын улау үшін жүрген адамдар.