Рамазан сұхбаты - Тарауих дұғалары
Тарауихке тұрған кезде «Субхана зил-мулки уәл-мәләкут. Субхана зил-иззати уәл-азамати уәл-жәбәрут. Субханәл мәликил-мәужуд. Субханәл-мәликил-мабуд. Субханәл-мәликил-хайилләзи лә янаму уә ла ямут. Суббухун, қуддусун Раббуна уә Раббул мәләикәти уәррух.
Мәрһаба, мәрһаба, мәрһаба йа шаһри Рамазан. Мәрһаба, мәрһаба мәрһаба йа шаһрәл-баракати уәл-ғуфран. Мәрһаба, мәрһаба, мәрһаба йа шаһрат-тасбиһи уәт-таһлили уәз-зикри уә тилауатиль Құран. Әууәлуһу, ахируһу, захируһу, батинуһу, я мән ла илаһә иллаһу» тәсбихтері мен дұғалары оқылады. Айдың 15-нен кейін «Мәрһабаның» орнына «әлуида» делінеді.
Әр 4 рәкаттан кейін «Аллаһумма салли ала сәйидина Мухаммадин уә ала али сәйидина Мухаммад. Би адади кулли дааин уә дауааин уә бәрик уә сәллим алейһи уә алейһим кәсира» деп оқылады.
Бұл бөлім 20 рәкаттың соңында 3 рет қайталанады және үшіншісінде «кәсирадан» бұрын «кәсиран» дейді. Сосын 3 рет мына дұға оқылады:
«Йа Ханнан, йа Мәннан, йа Дәйян, йа Бурһан. Йа Зәл-фадли уәл-ихсан нәржул-ауфуа уәл-ғуфран. Уәж-әлна мин утақааи шаһри Рамазан би хурметил-Құран».
Рамазан сұхбаты - Құбыла бағыты қалай табылады?
Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.
Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.