Рамазан сұхбаты - Қалай ораза тұтамыз?
Құрметті оқырман!
Ораза айының басталуына байланысты күнтізбемізден қалай пайдалану керектігі жөнінде екі ауыз тоқталып кетейік. Ораза тұтуды бастау сағаты ретінде күнтізбемізде «Имсак» (тыйылу) сөзімен берілген бағанадағы сағаттарға қарау керек. Яғни «Имсак» сағаты сол күннің ауыз бекіту уақытын көрсетеді. Сәреге тұрғанда сәре тамағын имсак сағатына дейін ішу мүмкін. Таң намазы уақыты күнтізбеміздегі имсак сағатынан шамамен 15 минут өткен соң басталады. Ауызашар немесе ифтар уақыттары «Ақшам» бағанасындағы сағаттар мен көрсетілген. Демек ауыз бекіту және ашу сағаттарында күнтізбедегі «Имсак» және «Ақшам» уақыттарына қаралады.
ТҮРКІСТАН күнтізбесі бүкіл Ислам әлемін
Рамазан шәриф айымен құттықтайды!
Рамазан сұхбаты - Ораза өмірді ұзартады
Ораза тұтудың өмірді ұзартатыны, стрес және қант диабеті секілді аурулардың алдын алатындығы анықталды. “Proceedings of the National Academy of Sciences” атты журналда берілген хабарда, жасалған сынақтар нәтижесінде екі күнде бір тамақ берілген жануарларда, жүйелі түрде бірақ аз тамақ берілген жануарларға қарағанда аз стресті және қандарындағы шекер және инсулин деңгейлері өте қалыпты жағдайда болғаны анықталды.
АҚШ-тың Мэрилэнд аймағындағы (NIH) Ұлттық Денсаулық сақтау Институтының ғалымы Марк Матсонның жетекшілік еткен тобы арада бір ораза тұтумен жүйелі аз тамақтанудың әсерін салыстыру үшін сынақтар жүргізді.
Матсон бұрын жасаған сынақтарында берілген каллория мөлшерін үштен бірге түсіргенде жануарлардың саулығының жақсарғанын айтып өтті. Ал жасалған жаңа сынақтағы екі күнде бір рет ораза тұтудың әсері одан да әсерлі болғандығын мәлімдеді.
Бұл топ бұрын жасаған зерттеулерінде жүйелі аз қоректенген жануарлардың паралич және Паркинсонмен Альцгеймер секілді неврологиялық ауруларға аз шалдыққандарын анықтаған еді. Матсон жүйелі аз қоректенгендерде де ораза тұтқандарда да миында нерв клеткаларының үлкеюін және өлмеуін қамтамасыз ететін BDNF (Brain-Derived Neurotrophic Factor) затының бөлінетіндігін мәлімдеді.