Рамазан сұхбаты - Ораза тұту
Кейбір адамдар оразаның денсаулыққа зиян екенін айтады. Алайда, Аллаһу та’ала адамдарға зиян нәрсені жасауды бұйырмайды. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет берген адам малын қорғағаны сияқты ораза тұтқан адам да денесінің зекетін берген болып саналады.
Ораза тұтқан адамның денесі күтімге алынған аппарат сияқты. Ішкі құрылысты жауып қалған майлар ериді, дененің ширақтығы артады, иммунитет күшейеді. Асқазан, бүйрек, жүрек пен бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеттілігі артады. Бауыр асқорыту қызметін де атқарады. Ораза тұтқан кезде бірнеше сағат демалады, азық жинау ісін тоқтатады. Асқазан да біраз уақыт демалады. Қан көлемі азайғандықтан қан қысымы төмендеп, жүрек тынығады. Ораза тұту тамырдың қатаюына да өте пайдалы. Мұндай аурумен ауыратындар рамазаннан басқа кезде де ораза тұтуы тиіс.
Көп жеген адам көп ұйықтайды, көп ұйықтаған адамның уақыты босқа кеткен болады. Сондай-ақ, қатал мінезді болады. Әрқашан тоқ жүретін адам мейірімсіз болады. Аз жеген адамның денсаулығы мықты және шығыны аз болады. Оразаның сабыр, шүкір, нәпсіні тәрбиелеу сияқты басқа ғибадаттармен де байланысы бар. Хадис шәрифте былай делінген: «Ораза сабырдың, ал сабыр иманның жартысы».
Ауызашар дұғасы
Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. (Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет) деген мағынаны береді.
Бір-екі жұтымдық нәрсе жегенсоң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл ажр иншааллаһу таала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ифтпар дұғасының мағынасы мыннадай: (Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды).
Рамазанда мынадай дұға етуге де болады: «Йа рабби, рамазан шәрифтің шапағатына жеткіз! Рамазан шәриф айында кешіріп, тозақ отынан азат еткен құлдарың арасына бізді де қос!»