Untitled Document

Оқиға - Денеміздің 24 сағаты

06.00: Кортизон секреті бөлініп шығуымен ағза оянады. Бұл тұруға дайындықтың белгісі. Күннің істері үшін энергия және протеин қызметке дайын болады.

07.00: Дене әлі де әлсіз. Спорт орнына таңғы ас ішкен дұрыс.

08.00: Көп мөлшерде гармон секреттері бөлінеді. Таңертеңгілік темекі тамырларды басқа кездегіден де қатты тарылтады.

09.00: Дененің мықты және күшті болатын уақыты.

10.00: Дененің өз күйіне келетін “мен мұндамын” дейтін уақыты. Дене мол қуатты, жылудың ең жоғарғы денгейінде.

11.00: Дене түгелдей өз қалыбында болатын сағат. Бұл уақытта әсіресе есеп істері қиналмастан шешіледі.

12.00: Демалу сағаты. Ықылас азаяды. Асқазандағы қышқыл көбейіп, мидағы қан ағымы азаяды. Осы уақытта ұйықтай алған адамдарда жүрек талмасы 30% аз кездеседі.

13.00: Дене өз қалыбынан түседі. Бүкіл мүшелер ең төменгі дәрежеде істейді.

14.00: Дене шаршайды. Қан қысымы және гармон деңгейі түседі.

15.00: Энергия қайта келеді, есте сақтау қабілеті толық өз қалыбына енеді. Бірақ таңертеңгіден аз.

16.00: Дененің спорт сағаты. Қан қысымы және гармон мөлшері өте жақсы күйде.

17.00: Ағзаның жұмыс істеуі жоғары дәрежеде болады. Оттегі алынып, бүйректер және қуық өте жақсы істейді.

18.00: Кешкі ас үшін ең жақсы уақыт. Асқазан безінің активті кезі.

19.00: Қан қысымы және пульс төмендей бастайды.

20.00: Бауырдағы май деңгейі түседі және кір қан жүрекке көптеп ағады.

21.00: Ас қорыту мүшелерінің міндеті бітеді. Асқазанға жаңадан түскен азықтар таңға дейін қалады.

22.00: Дененің күзетшілері саналатын лейкоциттер активтенеді. Түнде дене никотин секілді улы заттарды қиын шығарады.

23.00: Стрес гармондарының бөлінуі тоқтайды. Тынышталып жеңілденеміз.

24.00: Ұйқы кезінде тері клеткалары тоқтаусыз жұмыс істейді.

01.00: Өнімділік ең төменгі деңгейде.

02.00: Көру қабілеті әлсірейді, реакция азаяды. Осы сағатта апаттар жиі болады.

03.00: Дененің де рухтың да ең қараңғы кезеңі осы уақыт.

04.00: Жүрек талмалары 04.00 және 06.00 аралығындап көп болады.

05.00: Стрес гармондары бізді әрекетке өткізеді және күндізгі мөлшердің 6 есесіне шығады. Дене әрекетке өтіп, жоғалған энергиялар қайта келеді.