Оқиға - Тәуекел
Хузейфе Мераши, Ибрахим бин Әдхәм хазреттеріне қызмет ететін. Cебебін сұрағанда былай деп айтып берді:
Бірге Меккеге келе жатып қатты ашыққан едік. Куфа қаласына келгенімізде аштықтан жүре алмайтындай халге жеттік. Ұстазым қаламмен қағаз сұрады. Мен тауып әкеліп бердім. Сонда қағазға былай деп жазды:
“Бисмилләһиррахманиррахим. Барлық нәрседе, барлық кезде тек өзіңе сенетін Раббым! Барлық нәрсені беретін сенсің. Саған әркез шүкір етемін, Сені бір мезетке де ұмытпаймын. Аш, сусыз және жалаңаш күйге түстім. Алғашқы айтқан үш нәрсем менің міндетім. Әрине орындаймын. Соңғы үшеуіне сен сөз бердің. Сенен күтемін.”
Қағазды маған берді де былай деп бұйырды:
- Сыртқа шық және Аллаһу та’аладан басқа ешкімнен ешнәрсе күтпе және бірінші көрген адамыңа мына қағазды бер!
Сыртқа шықтым. Бірінші болып түйе үстінде келе жатқан бір кісіге жолықтым. Қағазды оған бердім. Оқыды да жылай бастады.
Маған бұрылып:
- Мұны кім жазды?- деді.
- Мешітте бір кісі жазды.
Маған бір қалта алтын берді. Ішінде 60 динар бар еді. Мұның кім екендігін кейін айналасындағы адамдардан сұрап білдім. Христиан екен.
Қайтып келіп болғандарды Ибрахим бин Әдхәм хазреттеріне айтып бердім. Маған қарап:
- Қалтаны ашпа! Иесі қазір келеді- деді.
Біраздан соң сол адам Ибрахим бин Әдхәм хазреттерінің алдына келіп жазуды көрсетіп:
- Мына жазуды сен жаздың ба?-деді.
- Иә, мен жаздым.
- Осы мәселені көп ойландым, мұндай бір жазуды жазған адамның Аллаһқа болған тәуекелі, сенімі тек хақ дінде ғана болады. Қалтаны берген кісінің артынан жүріп алдыңа келдім. Маған Исламды түсіндіріп бересің бе?
Біраз нәрсе айтылғаннан әлгі кісі кейін шаһадат кәлимасын айтып мұсылман болды.