Untitled Document

Сұхбат - Жер астында 63 жыл

Ахмет Яссауи хазреттері бала кезінен бастап Расулуллаһ алейһиссаламның сүннетіне мойынсұнуға тырысқан. 63 жасқа келгенінде Пайғамбарымыздың осы жасында қайтыс болғанын ойлап жер бетінде өмір сүруді жөн көрмеді. Жер астына бір бөлме жасатты. Шәкірттеріне қайтыс болғанға дейін осы өмір сүрген бөлмесінде дәріс берді. 63 жыл жер астындағы осы бөлмеде өмір сүрген.

Шәкірттерінен Сәйид Мәнсур ата хазреттері ұстазының жер астындағы кішкентай бөлмесін көргенінде алдымен қатты ренжіді. “Осы тар жерде қатты қиын халде болады” деген ой көңілінен өтті. Осылай ойлап тұрғаны сол еді, ол жердің бірден кең бақша екендігін көрді. Бұл жағдайды көргенде өз-өзіне былай деді:

“Аллаһу та’ала әулиесіне қиыншылық бермейді. Бұл ұлы кісілер көріністе қиыншылықта, олар бұл қиыншылықтардан көп ләззат алады. Аллаһу та’ала бұл мубарәк әулие құлы үшін тар бөлмені өте кең етіп береді.”

Аңыз - Жолдағы кедергі

Баяғы заманда бір патша сарайға кіретін жолдың үстіне үлкен тас қойдырып, өзі терезеден бақылап отырыпты. “Көрейік не болады екен?...”

Елінің ең бай саудагерлері, ең күшті керуеншілері, сарай қызметшілері жолда келе жатып тасты айналып өтіп ешнәрсе істемей кіріп кетеді. Кейбіреулері тасты көріп дауыстап тұрып патшаны сөге бастайды. “Халықтан қаншама салық жинайды бірақ жолдарын таза ұстай алмайды...” т.б.

Осы кезде бір ауыл шаруасы сарайға жеміс, көкөніс алып келе жатып жол ортасындағы тасты көргенде, арқасынан жүгін жерге қойып екі қолымен тасты итере бастайды.

Қатты қиналып, қара терге батады, ақыры соңында тасты жолдың шетіне ығыстырып қояды. Жүгін қайтадан асынып жатқанда тастың жатқан жерінен бір қалта көреді.

Алып ішін ашады... Қалташық алтынға толы болады. Ішінен патшаның жазған хатын көреді: “Бұл алтын, тасты жолдан алған адамға берген сыйлығым. Патша.”

Осылайша бұл шаруа бүгінгі күні де көпшіліктің онша мән бере бермейтін мәселелерінде адамдарға дәрс берді. Мұның сыйапатын дүниеде артығымен алды.