Мирас - Диуани Луғат-ат-Түрк
Махмұд Қашқаридің араптарға түрікше үйрету үшін 1072 жылы жазған Түрікше-Арапша сөздігі. Түркі дүниесінің ең құнды туындысы, түрік тілінің және мәдениетінің қазынасы. Ең алғашқы түрікше сөздік және тіл ілімі ретінде танылған бұл еңбек, алдымен 8 кітапқа бөлініп, кейін әрбір бөлімі есім (есімдік) және фиил (етістік) болып 2-ге бөлінген. Бұл еңбекте 7500 түрікше сөз бар. Кітапта сол дәуірдегі түркі руларының ерекшеліктеріне, сөйлеу мәнерлеріне қатысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, жоқтаулар және тұрақты тіркестер орын алған.
Алғысөзінде Махмұд Қашқари түріктер туралы мәлімет берген және сол кездің картасын сызған. Кітап арап тілінің граматикасына сәйкес және сөздері алфавит бойынша емес сөздегі буын санына қарай түзілген. Бұл еңбектен түркі төрелерінің өмір салтын, мінез-құлқын, соғыс және қаһармандық секілді оқиғаларын көруге болады.
Сұхбат - Аллаһу та’алаға хамд және шүкіршілік ету
Мадақ (хамд) - “барлық нығметтерді Аллаһу та’аланың жаратқанына және жібергеніне сену және айту” деген сөз. Шүкіршілік - “барлық нығметтерді Ислам дініне сай қолдану” дегенді білдіреді. Нығмет - пайдалы нәрсе. Нығметтер әһли сүннет ғұламаларының кітаптарында жазулы.
Мұсылман адам қолымен харам нәрсені ұстамауы керек. Құлағымен харам нәрсені таңдамауы, аяғымен харам жерге бармауы, аузына харам нәрсе алмауы, көзімен харам нәрсеге қарамауы, тілімен харам нәрсені айтпауы керек Адамның дене мүшелері харам, яғни Аллаһтын тыйым салған нәрселерімен байланысын үзетін болса, адам мәңгілік бақытқа қауышады. Әйтпесе, ауыр жазаларға душар болады.