Ғылым-техника - Сумен жүретін машина жасалды
Мұнай бағасының қарқынды өсуі заводтарды альтернативті энергия көзімен жұмыс істейтін машиналар жасауға итермелеуде. Осыған орай Жапондық Генепакс атты завод су және ауамен жүретін машина жасауды іске асырды. Сумен жүретін машина жасау пікірі осыдан 10 жыл бұрын түс секілді көрінетін. Бірақ бұл түс ендігі шындыққа ұлсаты. Судың электролизі арқылы су тегінің бөлінуі нәтижесінде пайда болатын электр энергиясының акумуляторда жиналып электрлі мотор арқылы дөңгелектерді айналдыру жүзінде жұмыс істейтін бұл машина кез келген су түрімен жұмыс істей береді.
Жапондық Генепакс заводының шығарған көлігінің қазіргі кезге дейін жеткен ең үлкен жылдамдығы 80 км/сағ . Автомобиль 1 литр сумен жарты сағат тоқтаусыз жүре алады. Көлік электрлі мотормен жұмыс істегендіктен өте үнсіз келеді.
2008 ж шілде айында болған үлкен сегіздіктің жиналысында завод басшылары осы көлікті таныстырды. Автомобильдің патенті үшін ұсыныс жасаған Генепакс басқа да Жапондық машина шығаратын заводтармен бірлесіп өндіріс жұмыстарын бастауды көздеп отыр.
Мұнай қорларынан кірісін қаматамасыз етіп жүрген күшті мемлекеттер тобы жолын қаншама бөгемек болса да экологияның нашарлап жаһандық ысыну қауібі артуымен бұл өзгерістің қолданысқа өтетіні сөзсіз.