Untitled Document

Мәлімет - Күнәһар адамзат?

Иса алейһиссалам еш уақытта адамдардың күнәһар болып туылатынын айтпаған, бірақ қазіргі христиан діні былай айтуда:

  1. Адамдар дүниеге күнәһар болып келеді. Өйткені, алғашқы адам - Адам пайғамбар Аллаһқа мойынсұнбаған, сол үшін жұмақтан қуылған.
  2. Адам алейһиссаламнан кейін келген барлық адамдар осы күнәмен келеді.
  3. Иса алейһиссалам - адамдарды осы күнәдан құтқару үшін дүниеге келген Аллаһтың ұлы.
  4. Аллаһу Та’ала адамзат мойнындағы осы үлкен күнәні кешіру үшін өз ұлын креске кергізген.
  5. Дүние - қиыншылықтың мекені. Дүниеде көңіл көтеруге болмайды. Адамдар қайғы шегу және ғибадат жасау үшін жаратылған.
  6. Адамдар тікелей Аллаһу Та’алаға ғибадат жасай алмайды. Аллаһу Та’аладан еш нәрсе сұрай алмайды. Тек дінбасылар, пірәдарлар (поптар) адамдардың орнына Аллаһқа жалбарына алады және олардың күнәларын кешіре алады.
  7. Христиандарды папа басқарады. Ол күнәсіз. Оның барлық ісі дұрыс.

Адамдардың рухы мен тәні екі бөлек. Адамның рухын тек пірәдарлар ғана тазалай алады, тән болса әрдайым күнәһар болып қала беретін төменгі нәрсе болып табылады.

Христиан дінінің негізі ретінде көрсетілген бұл пайымдаулар ақыл мен қисынға сай келмейді. Сол себептен яһуди дінін жөндеуге тырысқан Иса алейһиссалам алып келген насрани діні өз негізінен алыстап, “христиандық” деген өзгертілген дінге айналған. Христиан дінінің қайтадан ақиқат насрани түріне қайтуы үшін көптеген жұмыстар жасалды. Лютер деген пірәдар протестанттық жолын құрып, біраз түзетулер енгіземін деп бұл дінді толығымен өзгертіп жіберіп, бұзды.