Untitled Document

Сұхбат - Дінімізді қайдан үйренеміз?

Бұл күні қолына қалам ұстаған әр адам, өзін Ислам ғалымы деп санап, дін кітабын жазуда. Ислам ілімдерінен хабары болмағанына қарамай, білгіштеніп ойына келгенін жазатындар саны көбейген. Сөйлеу қабілеті жетік болғандары болса, мінбелерде өз ойларын және жорамалдарын қосып айтып жүр. Ал бүгінгі жастарымыздың, қаһарман бабаларымыздан мұраға қалған киелі дінін үйренем дегендері ойдан жазылған тәпсірлерден, Ислам дұшпандарының жамандап жазған ағылшынша немесе басқа тілдердегі кітаптардан аударылған Ислам тарихтарынан, жахилдер немесе дінін сатып ақша табу үшін жүрген мүнафықтар тарапынан дайындалған кітап, CD және журналдардан немесе дінмен байланысы болмаған газеттерден діни білім алуға мәжбүр болып қалуда.

Алайда дінімізде Бәни Исраил пайғамбарлары сияқты көптеген ұлы ғалымдар болған. Олар жазған мыңдаған кітаптары Исламиятты бүкіл әлемге танытқан және түсіндірген.

Бұл тұрғыда кеңірек мағлұмат алғысы келгендерге күнтізбеде танытылған «Ислам діні» кітабын оқуға кеңес береміз.

Күннің тарихы - Дүниежүзілік Қыбла күні

Қыбла бағытын табуда жіберілген қателіктерді кетіру үшін 28 мамыр және 16 шілде күндері «Дүниежүзілік Қыбла Күні» деп белгіленген. Қазақстан сағаты мен 28 мамырда сағат 15:18 де және 16 шілде күні сағат 15:26 да, жылда екі рет күн дәл Қағбаның төбесіне тура келеді. Күн Қағбаның төбесіне келгенде жер бетінде күнді көріп тұрған аймақтарда Күнге қарай бұрылғандар дәл Кағба бағытына қараған болады. Осылайша бір қаланың құбыла бағыты оңай жолмен және дұрыс табылған болады. Күнтізбемізде әр күні әр бір қала үшін Қыбла сағаттары уақыты беріліп отыр.