Untitled Document

Мәлімет - Аллаһу та’аланы көру (ІІ)

Мұхаммед алейһиссалам Аллаһу та’аланы Миғраж түнінде көрді. Бірақ пайғамбарымыздың көруі бұл дүниеде баскөзімен көру емес еді. Кімде-кім Аллаһу та’аланы бұл дүниеде көрдім дейтін болса, ол дінсіз болып шығады. Кей бір әулиенің көруі – ақырет пен дүниедегі көру емес. Яғни, руйат емес. Оларды “Шухуд” халі қаптайды (көңіл көзімен мисалын көру). Кейбір әулиеден “көрдім” дегендер шыққан болса да, олардың бұл сөздері сәкр (иләһи махаббат мастығы) халінде шухудты (көргендей болу сезімі) руйат (көру) деп сезінуден туындаған. Немесе тәуилмен түсінілетін сөздерінен болуы мүмкін.

Аллаһу та’ала үшін уақыт мәселесі жоқ. Онда еш бір тұрғыдан еш қандай өзгеріс болмайтындықтан бұрында, кейін мынадай еді/болады деген әңгімелерді айту әбестік болады. Аллаһу та’ала еш кіммен, еш нәрсемен бірлеспейді, қосылмайды. Оның қарсыласы, ұқсасы, ортағы, серігі, көмекшісі, қорғаушысы, ата-анасы, ұл-қызы, жұбайы болмайды. Оған тек хазыр және назыр деп айтылады, яғни әр қашан бүкіл барлықпен бірге, қоршап және көріп тұр, ішінде, сыртында, үстінде емес. Адамдарға күре тамырынан жақын. Бірақ Оның қоршап тұруы, бірге және жақын болуы біз түсінген мағынада емес. Аллаһтың жақындығы ғұламаның ілімімен, ілім адамдарының санасымен, әулиенің кәшіфімен (көңілге туатын ілім) түсініле алмайды. Бұл нәрсенің табиғатын адам ақылы ұғына алмайды. Аллаһу та’ала заты және сипаттарында бір. Еш бірінде өзгеріс, басқа көрініс алу деген нәрсе болмайды.