Мәлімет - Аллаһу та’аланы көру (І)
Аллаһу та’ала бұл дүниеде өзін көрсеткен жоқ. Сезім мүшелерімен де білінген жоқ. Қиямет күнінде махшарда кәпірлерге, күнәһар адамдарға құдыретті қаһарымен, ал имандыларға мейрімді көркемдігімен көрінеді. Имандылар жаннатта Оны жамал сипатымен көреді. Периштелер мен әйелдер де көреді. Кәпірлер мақұрым болады. Жын тайпасының да бұл бақыттан мақұрым екендігін білдірген қуатты хабарлар бар. Аллаһу та’аланың көрінетіндігіне сену қажет, қалай көрінетіні туралы ойламау керек. Өйткені, Аллаһу та’аланы танып білуге ақылдың күші жетпейді.
Ол физика және химия ғылымдарымен өлшенбейді. Аллаһу та’ала материя да, дене де, элемент те емес. Еш нәрсемен араласпаған, өлшенбейді, есептелмейді, өзгермейді, орны, заманы, мекені жоқ. Өткені, болашағы алды, арты, асты, үсті, оңы, солы жоқ. Сондықтан адамзаттың ақылы, ой-санасы, білімі Оның еш бір ісін, қалай көрінетінін ұғына алмайды. Қол, аяқ, жақ (бағыт), жер және соған ұқысас Аллаһу та’ала үшін қолдану жаиз болмаған сөздердің Құран аяттарымен хадис шәрифтерде кездесуі, біз түсінген, білген және тіршілікте қолданып жатқан мағыналарда емес. Бұндай аяттармен хадистерге “Муташабихат” делінеді. Бұларға тек сену, бірақ қалай екендігін ұғынуға тырыспау керек. Яки бұл сөздерге ұзын не қысқа тәуил жасау қажет болады. Яғни Аллаһқа жарасатын басқа мағыналар беріледі.
(жалғасы 7.07.2010да)