Untitled Document

Сұхбат - Пайғамбарымыздың есімдері (3)

Пайғамбарымыздың «Мауахиби Ләдуния» кітабында өткен 400-ге жақын есімдерінің кейбіреулері:

Нәжм:  Жұлдыз.

Нәсиб:  Текті, таза тектен шыққан.

Нәзир:  Ескертуші, қорқытушы.

Нимет:  Жақсылық, тыныштық және бақыт.

Нұр:  Жарықтық, нұр.

Рафи:  Көтеруші, үстем етуші.

Рағиб:  Ынтық болған, қалаған.

Рахим:  Мұсылмандарды қатты жақсы көрген, мейірім еткен.

Рази:  Қабыл еткен, разы болған.

Расул:  Елші.

Рашид:  Ақылды, жетілген, жақсы жолға жетелеген.

Сабыр:  Сабыр еткен, қиындықтарға шыдаған.

Cадық:  Дұрыс болған, шыншыл.

Садуллаһ:  Аллаһтың мубарек құлы.

Саффат:  Таза, пәк.

Сахиб:  Ие, дос, сұхбат етуші.

Саид:  Бақытты.

Салих:  Жақсы және көркем мінезді.

Салам:  Кемшіліктен амандықта болған.

Сәйфуллаһ:  Аллаһтың қылышы.

Сәййид:  Мырза.

Шафи:  Шапағат етуші.

Шакир:  Шүкір етуші.

Шәмс:  Күн.

Таха:  Құран кәрімдегі румуз есімі.

Тахир:  Өте таза.

Тақи:  Харамдардан ұзақ болған.

Таййиб:  Халал, таза, әдемі, ұнамды.

Уафи:  Сөзінде тұрған.

Уаиз:  Насихат (уағыз) етуші.

Уасыл:  Құлды Раббына қауыштырушы.

Заһид:  Бос (пайдасыз) нәрселерден алыс болған.

Закир:  Аллаһты көп есіне алған.

Зәки:  Таза, ақылды.