Сұхбат - Пайғамбарымыздың есімдері (2)
Пайғамбарымыздың «Мауахиби Ләдуния» кітабында өткен 400-ге жақын есімдерінің кейбіреулері:
Қамар: Ай.
Қаййим: Көріп, бақылаушы.
Кәрим: Өте Жомарт, өте қадірлі.
Мәжид: Ұлы және киелі.
Махмуд: Мақталған.
Мансур: Аллаһтың көмегімен жеңіске жеткен.
Масум: Кінәсіз, күнәсіз.
Мәдени: Қалалы, ілімді және көреген.
Мәһди: Хидаят еткен, дұрыс жолға жетелеген.
Мекки: Меккелі.
Мәрхум: Рахметке бөленген.
Мәсуд: Бақытты.
Мәтин: Мықты, өзі де сөзі де дұрыс болған, сенімді.
Муаллим: Үйретуші.
Муқтәда: Артынан еруге болатын, ұюға болатын.
Муслих: Түзеуші, жүйеге келтіруші.
Мустафа: Өте пәк.
Мути: Хақ та’алаға мойынсұнған.
Музаффар: Жеңіске жеткен, үстем болған.
Мубарек: Бақытты, қайырлы, берекелі, нұрлы.
Мужтәба: Таңдалған.
Мукаррам: Киелі, ұлы, құрмет және тағзымға қауышқан.
Муктәфи: Қанағат етуші.
Мунир: Нұрландырушы, жарық беруші.
Мурсәл: Елші ретінде жіберілген.
Муртаза: Таңдалған, ұнатылған.
Мустәқим: Дұрыс жолда болған.
Мушауир: Кеңес беруші.
Нақи: Өте таза.
Нақиб: Халықтың жақсысы, қауымның ең таңдаулысы.
Насих: Насихат беруші.
Натық: Хикмет сөйлеуші.
Нәби: Пайғамбар.
Нәжийуллаһ: Аллаһтың сырласы.
(жалғасы ертең)