Untitled Document

Сұхбат - Пайғамбарымыздың есімдері (1)

Пайғамбарымыздың «Мауахиби Ләдуния» кітабында өткен 400-ге жақын есімдерінің біразы:

Абдуллаһ: Аллаһтың құлы

Абид: Құлшылық етуші, ғибадат етуші.

Адил (Әділ): Әділетті, дұрыс, дұрыстықтан тайынбайтын.

Ахмед: Ең көп мадақталған, жақсы көрілген.

Ахсен: Ең әдемі.

Али: Өте ұлы.

Алим:  (Ғалым) Ілімді, білімді.

Алламе: Өте білімді.

Амил: Іс және әрекет адамы.

Азиз: Өте ұлы, өте қадірлі, қасиетті.

Бәшир: Сүйінші беруші.

Бурхан: Мықты дәлел.

Жәббар: Жазалаушы, жеңуші.

Жәуад: Жомарт.

Әжуад: Ең жақсы, ең жомарт.

Әкрам: Ең киелі.

Әмин: Дұрыс және сенімді адам

Фадлуллаһ: Аллаһтың мейірімі.

Фаруқ: Хақпен нахақты ажыратушы.

Фәттах: Әр түрлі жақсылықтың есігін ашқан.

Ғалиб: Үстем болған.

Ғани: Бай.

Хабиб: Сүйікті, қатты жақсы көрілген.

Хади: Дұрыс жолға жетелейтін.

Хафыз: Қорғаушы.

Халил: Дос.

Халим: Жұмсақ мінезді.

Халис: таза, пәк.

Хамид: Шүкір (хамд) етуші, мақтаушы.

Хаммад:  Көп шүкір етуші.

Ханиф: Ақиқатқа мықтылап жабысқан.

(жалғасы ертең)