Сұхбат - Ислам дінінің қайнар көздері (ІІ) (Әдилләи шарийа)
2. Хадис шәрифтер
Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның сөздері “Хадис шәриф” деп аталады. Мағынасы Аллаһу та’ала тарапынан келген, сөздері Мұхаммед алейһиссалам тарапынан айтылған сөздер Құдси хадистер деп аталады. Мұхаммед алейһиссаламның хадистері бағалы хадис кітаптарына жинақталған. Барлық Ислам ғалымдары дұрыс деп бекіткен алты хадис кітабы бар. Олар «Кутубу Ситта» деп аталады. Олардың ішіндегі ең танымалы “Бухарии Шәриф” хадис кітабы. Қалғандары: “Сахихи Мүслим”, “Мууатта”, Тирмизидің “Жами’ус-Сахих” кітабы, Әбу Дауыттың “Суннан” кітабы, Имам Нәсаидің “Сунани Сағир” кітабы.
3.Ижма-и уммат
Бір дәуірде өмір сүретін мужтаһидтердің, яғни Құран Кәрім мен хадистерден үкім шығара алатын әһли сүннет ғылымдарының ауызбірлігі «Ижма-и уммат» деп аталады. Ижманың да дәрежелері болады. Ең жоғарғы ижма сахабаларға тән. Сахабалардың әрқайсысы бір-бір мужтаһид болатын. Сахабалар мен тәбиин’ул-изамдар, осы екі ұрпақ ғұлама бірдей «Сәләф’ус-салихин» деп аталады. Олардан кейін хижраның 400 жылына дейін келген әһли сүннет ғалымдары «Халеф’ус-садықин» деп аталады. Бұлар иман, амал ілімдерімен қалб (көңіл) марифаттарында (рухани білімдер) сәләф’ус-салихиннен айырылмаған.
4. Қияси фуқаһа
Құран Кәрім, хадистерден немесе Ижмаи умматтан шығарылған Ислам үкімдері “Қияси Фуқаһа” деп аталады. Мұны атқаратын ғалымдарды “мужтаһид” деп атайды.
Бір мужтаһидтің шығарған үкімдерінің жалпы атауы “Мазһаб”. Әһли сүннеттің төрт мазһабы болған Ханафи, Шафии, Малики, Ханбали мазһабтарының бүкіл үкімдері кітаптарға көшірілген.