Untitled Document

Сұхбат - Ислам дінінің қайнар көздері (І) (Әдилләи шарийа)

Ислам діні төрт дәлелге сүйенеді:

  1. Құран Кәрім

Құран Кәрим – Аллаһу та’ала тарапынан Жәбірейіл алейһиссалам арқылы Мұхаммед алейһиссаламға жіберілген кітап. Құран Кәрімде 114 сүре, 6236 аят бар. Құран Кәрім Мұхаммед алейһиссаламға жіберілген қалпында сақталған, ешқандай өзгерту енгізілмеген. Мұхаммед алейһиссалам дүниеден өткеннен кейін халифа Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) Құран Кәрімді жатқа білетіндерді жинап, жазылғандарын топтастырып, бір кеңес алқасына бәрін жаздырған. Отыз үш мың сахаба осы жазылған кітаптың әрбір әрпінің дұрыстығын бір ауыздан растаған. Бұл кітап «Мусхаф» деп аталды. 1400 жылдан бері осы Құран Кәрім өзгертілместен жеткен. Қазіргі кезде әлемдегі барлық Құран кітаптары бірдей.

Құран Кәрім – Аллаһу та’аланың сөзі. Аллаһу та’ала Құран Кәрімді Мұхаммед алейһиссаламға жіберген. Сондықтан да оны ең жақсы түсінетін адам Мұхаммед алейһиссалам. Пайғамбарлықтың не екенін түсінбейтін кейбір дінсіздер  Құран Кәрімді түсінеміз деп ойлайды. Мұхаммед алейһиссалам Құран Кәрімді сахабаларға оқып, хадис шәрифтер арқылы түсіндірген. Әһли сүннет ғалымдары бұл түсіндірмелерді кітаптарына жазып алған. Құран Кәрім мен хадистерден қате мағына шығарғандар бидғат иелері (өзгертушілер) болады. Өз тұжырымдарын аят немесе хадис деп есептегендер зындық (дінсіз) болып есептеледі.

(жалғасы бар)