Сұхбат - Мұғжиза, керемет, парасат, истидраж, сиқыр
Аллаһу та’ала барлық нәрсені бір себепке байлап жаратқан. Бұл себептерге бір істі жүзеге асыратын, әсер ететін күш, қуат берген. Бұл күштерге біз табиғат күштері, физика, химия және биология заңдары деп айтамыз. Кезкелген бір істі орындауымыз, бір нәрсеге қол жеткізуіміз үшін әрқашан сол істердің себептеріне жүгінуіміз қажет. Барлық нәрсені себептермен жарату Аллаһу та’аланың әдеті. Адамдардың барлық әрекеттері Аллаһу та’аланың осы әдеті шеңберінде жүзеге асады. Бірақ, Аллаһу та’ала сүйген құлдарына жақсылық, сыйлық ретінде, ал дұшпандарын алдап, адастыру ұшін сүйікті пенделеріне таңғажайып істерді әдеттен тыс жолмен жаратып беруде.
- Мұғжиза: Пайғамбарларда Аллаһу та’аланың құдіретімен жаратылған әдеттен тыс жағдайлар кездеседі. Ол “мұғжиза” деп аталады. Мұғжиза - пайғамбар екенін айтқан адамның шын айтқанына дәлел болатын құбылыстар. Пайғамбарлардың өз үмбеттеріне мұғжиза көрсетулері міндетті. Мұғжиза пайғамбардан басқа ешкімнің қолынан келмейді.
- Керемет: Әр пайғамбар үмбетінің арасында жетілген әулиелерде кездесетін әдеттен тыс жағдайлар “керемет” деп аталады. Әулиелердің керемет көрсетуі міндетті емес. Абдулқадир Гейлани және Имам Раббанидің кереметтері танымал. Көп керемет көрсету бір әулиенің кереметі аз әулиеден жоғары екенін білдірмейді. Өте жоғары мақамдарда болған қаншама әулиенің өте аз керемет көрсеткені мәлім.
- Парасат: Үмбет ішінде әулие болмаған салих, тақуалы амдарда болатын әдеттен тыс нәрселер “парасат” (фирасат) деп аталады.
- Истидраж: Осындай әдеттен тыс, ғажайып нәрселер ашықша күнә істейтін пасық адамдарда көрінетіндей болса, бұл “истидраж” деп аталады. Истидраж – оны көрсеткен адамды бірте-бірте қадірсіз болуға, иманының әлсіздеуіне итермелейді.
Сиқыр: Кәпірлерде кездесетін әдеттен тыс нәрселер “сиқыр” деп аталады.