Сұхбат - Бір ананың қызына айтқан үгіті
Қызым! Сен әке-шешең өсірген ұядан кетіп, басқа біреудің үйіне бара жатырсың. Мен саған 10 түрлі нәрсе айтамын. Оларды санаңа тоқып, орында. Осылайша, күйеуіңмен жақсы қатынаста боласың.
- Саған киім мен тамақ ретінде не әкелсе де шын көңіліңмен қабылдауың керек.
- Оның айтқандарын істеп, оны тыңдауың керек.
- Үйдің ішін таза ұстауға мұқият болып, айналаны реттестіріп отыруың керек.
- Жиі-жиі жуып, үстіңді өте таза ұстауың керек. Әйелдің ең үлкен әшекейі – тазалығы. Күйеуің үшін ерекше киініп, сәнденуің керек.
- Ұйықтайтын және тамақтанатын уақыттарына назар салуың керек. Төсегі мен тамағын уақытында дайындауың керек. Ұйқысыздық пен аштық адамды ашуландырады.
- Күйеуіңнің ары мен намысын, беделін қорғауың керек.
- Күйеуіңнің туыстарымен жақсы қарым-қатынас орнатуың керек.
- Күйеуіңнің малы мен ақшасын қорғауың керек. Оның рұқсатынсыз және хабарынсыз жұмсамауың керек.
- Араларыңда болған нәрсені ешкімге айтпауың керек.
- Оған бағынып, онымен қуанып, дерттеріне ортақ болуың керек.
Осыларды орындасаң тыныш, бақытты отау құрасың. Дүние мен ақыретте бақытқа жетесің.
Күннің тарихы - Тұрғыт Реистің қайтыс болуы
23 маусым 1565 жылы ұлы түрік теңізшісі Тұрғыт Реис шәһит болды. Барбарос Хайреттин Пашаның жанында жетілген және оның сенімді Реистерінің бірі болған Тұрғыт Реис Превеза соғысына қатысып жетістігімен көзге түскен.
Тұрғыт Рейс 21 тамыз 1531 ж Триполитанияны (Либия) қолға түсіріп бұл жердегі 41 жылға созылған Христиандық билігін тоқтатты. Ұзақ жылдар бойы сол жерді басқарған Тұрғыт Реис көзін жұмғанға дейін Ақтеңізде желкенін ашып едәуір жеңістерге қол жеткізді. 80 жасында Малта соғысында әскерлерін бастап кірген айқаста басынан алған ауыр жарақатынан кейін 5 күн ес-түссіз жатып шәһиттік мәртебесіне қауышты.