Untitled Document

Күннің тарихы - Тұрғыт Реистің қайтыс болуы

23 маусым 1565 жылы ұлы түрік теңізшісі Тұрғыт Реис шәһит болды. Барбарос Хайреттин Пашаның жанында жетілген және оның сенімді Реистерінің бірі болған Тұрғыт Реис Превеза соғысына қатысып жетістігімен көзге түскен.

Тұрғыт Рейс 21 тамыз 1531 ж Триполитанияны (Либия) қолға түсіріп бұл жердегі 41 жылға созылған Христиандық билігін тоқтатты. Ұзақ жылдар бойы сол жерді басқарған Тұрғыт Реис көзін жұмғанға дейін Ақтеңізде желкенін ашып едәуір жеңістерге қол жеткізді. 80 жасында Малта соғысында әскерлерін бастап кірген айқаста басынан алған ауыр жарақатынан кейін 5 күн ес-түссіз жатып шәһиттік мәртебесіне қауышты.

Денсаулық - Жүрек талмасына шұғыл шара

Жүрек талмасы кезінде өзіңізге жасайтын кішкентай әрекет сіздің бар өміріңізді құтқаруы мүмкін. Шаршап, қиналып тұрған кезде кеудеңізден бастап жағыңызға және сол қолыңызға қарай бағытталған ауырсынуды сезінесіз.

Көмек берілмеген, қалыпты жүрек соғысы бұзылған және есінен тана бастаған адамның санасын жоғалтуына 10-ақ секунт бар. Мұндай жағдайда қалған адам өзіне тұрақты түрде терең тыныс алып, қатты жөтеліп көмек бере алады. Бұл әрекетті көмектескенге дейін немесе жүрек қалыпты ырғаққа келгенге дейін жалғастыру керек. Терең тыныс өкпеге оттегі жеткізсе, жөтелу жүректі сығып, қанды айнлдырады және жүректің қалыпты ырғаққа оралуына көмектеседі.