Untitled Document

Әдеп-ахлақ - Айып іздеу

Бір мұсылманның айыбын ашу ең жаман нәрсе және оның азабы да өте ауыр. Сондықтан ешкімнің құпия нәрселерін іздемеу керек. Пайғамбарымыз:

«Миғраж түнінде бірқатар адамдар көрдім, өте ауыр түрде өз-өздерін азаптайды. Жәбірейіл алейһисселамнан сұрадым: «Йа Жәбірейіл, бұлардың күнәсі не? Неге өздерін бұлай азаптайды?» Жәбірейіл алейһисселам «Бұлар басқалардың айыптарын ашқандар» деді».

Мұса пайғамбар (алейһиссалам) Тур Сина тауында «Йа Раббым! Басқалардың айыбын ашқандардың күнәсі не?» деп сұрағанда Аллаһу Та’ала «Тәубесіз кетсе, барар жері тозақ» деп жауап берді.

Күннің тарихы - Қасиетті үш айлар басталды

Қасиетті үш айдың ішіндегі ражаб (ережеп) айы бүгін басталды.  Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шаъбан айы егінді сулау, ал рамазан болса, жемісті жинау айы».

Ражаб (ережеп) айы кешірім, шағбан айы шапағат және рамазан айы сауаптардың еселеніп берілетін ай екендігі көрсетілген. Бұл айларды құрметтеу күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның қайтарымын алады. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарды алу үшін ең алдымен сенімді түзеу керек. Ғылымхал ілімдерін үйрену керек, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза болған намаздарын оқуды бастау қажет. Тезірек қарыздардан құтылуға тырысу керек.