Untitled Document

Күннің тарихы - Шыңғыс Айтматов

Шыңғыс Айтматов 1928 ж Қырғызстанда Талас облысының Шекер ауылында дүниеге келді. Әкесі Төреғұл Айтматов ат бағушы болған. Кейін өкімет қызметіне өтіп 1937 ж Сталиндік репрессияның құрбаны болған. Осыған орай анасы Нағима 4 баласын бір өзі өсірген. Әке жағынан әжесі Айымхан ауызекі өлеңдер айтып 5-6 жасынан бастап немересін жырлар, ертегі және аңыздар айтып өсіреді. Жастайынан ақындардың айтыстарын тыңдап, сұхбаттарына қатысады.

Екінші дүние жүзілік соғысының жоқтық замандарында далада еңбек еткен. 14 жасында Колхоз кеңесінің секретары қызметін атқарды. Ауылдағы әйелмен балалардың шеккен мұқтаждықтарына куә болды. 1948 ж Қазақстанда мал дәрігерлікті, 1953 ж Қырғызстан Егін Институтын бітіріп малдәрігері болды. 1958 ж Мәскеуде Максим Горкий атындағы Әдебиет факултетін бітірді. Жазушылықты осы жылдары Правда газетінде бастаған. 1957 ж жазушылар одағына мүше болды. 1963 ж Ленин сыйлығымен марапатталды. Туындылары 150-ден астам тілге аударылған. 1968 ж КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

Коммунизм билігі кезінде ұлттық құндылықтардың талан тараж етілуіне қарсы пікірлер айтып, жазып, құндылықтарды сақтап қалу жолында батылдық танытқан Айтматовтың дауысы жылдан жылға өсе берді. 1990 жылдан кейін социалисттік режимді бұрынғыдан қаттырақ сынға алды. Халықтың тарихта әлеуметтік, мәдениеттілік, әдеби, әскери, материялдық және рухани байлықтарын, құндылықтарын, тартқан азаптарын, көрсеткен батырлықтарын, тәжірибелерін қағазға ақтарып жариялады. Кешіп жатқан қиыншылықтарды және одан шығу жолдарын еңбектерінде өте жақсы түсіндірді.

Кеңес Одағы құлағаннан кейін Люксембургке елші болып тағайындалды. Кейін Европа Одағы, НАТО, ЮНЕСКО және Бенелюкс елдеріне қырғыз делегациясын басқарды. (Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі болған Асқар Айтматовтың әкесі)

Қырғызстанда 2008 жылы Шыңғыс Айтматовтың жылы болып аталды және Нобель сыйлығына ұсынылғанымен 10 маусым 2008 жылы, емделіп жатқан Германиядағы Норнберг қаласында қайтыс болды. Жаназасы көптеген мемлекеттерден келген делегациялардың қатысуымен салтанатты түрде Бішкек маңындағы Чон-Арық ауылындағы “Ата бейіт” мемориалды кешеніне әкесінің жанына жерленді. (14.06.2008)

Еңбектері:

Боранды бекет (1956), Бетпе-бет (1957),  Жәмилә (1958), Алғашқы ұстаз (1962), тау мен дала хикаялары (1963) Қош Гүлсары (1966), Ақ кеме (1970), Ғасырға созылған күн (1980), Топырақ ана, Шыңғыс ханның ақ бұлты, Қызыл алма, Таулар құлағанда (2007)