Untitled Document

Сұхбат - Адамдардың ең үстемдері

Адам пайғамбардан бергі адамдардың жағдайлары материалдық тұрғыдан әр түрлі болумен қатар рухани тұрғыдан да түрліше болған. Олардың араларында артықшылық, дәреже айырмашылықтары болды. Олардың ішінде ең жоғарылары және таңдаулылары бар еді. Сейд Абдулқадир Гейлани бұл таңдаулы адамдарды мына ретпен көрсетеді:

Келген үмметтердің ішінде ең қадірлісі - пайғамбарымыздың үмметі.

Мұхаммедтің (алейһиссалам) үмметінің ең үстемі – оған иман келтіріп, ол үшін жандары мен малдарын пида еткен сахабалар.

Сахабалардың ең үстемі – расулуллаһқа Худайбияде ант беріп, ол үшін өлуге сөз берген ержүрек адамдар.

Бұдан кейінгі үстем адамдар - Бәдір соғысына қатысқан адамдар. Бұлар «Асхаби Бәдір» деп аталады. Олар 313 адам болатын. Мың адамдық мүшрік әскерімен соғысты.

Асхаби Бәдірдің де ең үстемдері - алғаш иман келтірген 40 адам. Олардың қырқыншысы Хазреті Омар болатын.

Олардың ең үстемдері - жұмақпен сүйіншіленген 10 адам. Олар хазреті Әбу Бәкір, Омар Осман, Әли, Тальха, Зубайр бин Аууам, Абдуррахман бин Ауф, Саад бин Әби Уаққас, Саад бин Зайд және Әбу Убайда бин Жәррах.

Олардың ең үстемдері - кемел дәрежедегі төрт халифа.

Олардың ең үстемі – хазреті Әбу Бәкір мен Омар.

Бұл екеуінің ішіндегі үстемі – хазреті Әбу Бәкір. (радиаллаһу анһума)