Сұхбат - Сахабалардың үстемдігі
Пайғамбар алейһиссаламды өмірде және Пайғамбар кезінде бір рет көрген, егер көзі көр болса бір рет сөйлескен мұсылманға «Сахаба» делінеді. Пайғамбарды жақсы көрген адам оның Әһли бәйтін (ұрпағын) және Сахабаларын, яғни достарын да бөлмей барлығын бірдей жақсы көруі керек.
Хадис шәрифте былай бұйырады: «Сырат көпірінен аяқтары таймай өтетіндер, Әһли бәйтімді және Сахабаларымды қатты жақсы көргендер.»
Пайғамбарымыз Сахабаларынан ешқайсысының кейіннен кәпір болмайтындығын яғни мұсылмандықтан шықпайтындығын барлығының да Жаннатқа баратындығынан хабар берген.
Аллаһу та’ала Сахабалардан разы болғандығы, оларды жақсы көргендігі туралы Құран кәрімде білдірген. Аллаһу та’аланың сипаттары мәңгі, шексіз.
Сахабалардың ешқайсысы пайғамбарымыздың қайтыс болуынан бұрын және кейін мүртәд болған емес. Яғни мұсылмандықтан шыққан емес. Сахабалардың ешбірі мүртәд немесе мүнафық болмайды. Өйткені Аллаһу та’аланың бұлардан разы болуы өзгермейді. Мүнафықтардың бірнешеуі имансыз екендіктерін кейіннен жариялауы Сахабалардың кейіннен мүртәд болғандығын білдірмейді.
Сахабалар түгелдей жаннат адамдары. Құран кәрімде: «Барлығына хүснаны (Жаннатты) уәде еттік.» делінген. Сондықтан бұл мубәрәк адамдар туралы айтқанда, жай адам туралы айтқандай болмау керек! Әрқашан оларға құрмет етіп әдепті болу керек!
Әрбір мұсылман Сахабалардың барлығын әділ, салих, әулие, ғалым, мүжтаһид деп білуі керек! Құран кәрімде: «Аллаһ олардан разы, олар да Аллаһтан разы» делінген. Олардың біреуін жамандау бұл аят кәримаға сенбегендік саналады. Сахабаларға тіл тигізген адамды пайғамбарымыз лағынеттеген.
Хадис шәрифтерде былай бұйырған:
«Аллаһтың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті Сахабаларыма жаман сөз айтқандарға болсын! Қияметте Аллаһ мұндай адамдардың фарздарын да, нәпіл ғибадаттарын да қабыл етпейді!»
«Қияметте адамдардың барлығының құтылу үміті бар. Сахабаларыма тіл тигізгендер бұған кірмейді. Оларға қиямет халқы да лағынет айтады.»