Сұхбат - Қабыр азабы...
Төмендегі төрт нәрсе қабірде азап тартуға себеп болады:
- Өтірік айту,
- Киіміне сідік шашрату,
- Аманатқа қиянат жасау,
- Ғайбаттау.
Төмендегі мына төрт нәрсе де қабір азабынан сақтайды:
- Бес уақыт намазды өз уақытында және жамағатпен оқу,
- Құран кәрим оқу,
- Садақа беру,
- Салауат оқуды жалғастыру.
Ертең - Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Айналаны қорғау, өркендету және жақсарту жөніндегі әрекеттердің мақсаты адамдардың салауатты және сенімді ортада өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады. Айналаға зиян беретін де, қорғайтын да – адам.
Бүкіл дүние жүзінде де, өлкемізде де әсіресе қалалық тұрғындардың көп кездесетін қоршаған орта мәселесі – қоқыстар. Елімізде күніне орталама 65 000 т қоқыс шығарылуда. 3200-ден астам әкімшілік аймақтардан тек 11-де ғана жүйелі жинау жұмыстары атқарылуда.
Пластикалық ыдыстағы азықтардың орнына шыны ыдысты азықтар қолданған жөн. Бір шыны ыдыс, 4000 жыл, пластикалық ыдыс 1000 жыл, сағыз 5 жыл, пива құтысы 10-100 жыл, темекінің фильтрі 2 жылда жойылады.
Кір жуғыш машиналарда қолданылатын химиялық жалтыратушылардың орнына табиғи сірке суын пайдалануға болады.
Шыны, қағаз, кардон, пластмасса және метал сияқты қалдықтар бөлек бөлек жиналып, шикізат ретінде түрлі салаларда қолданылып келеді.