Untitled Document

Денсаулық - ТАҢҒЫ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ

Мамандар таңғы астың маңызды екеніне қарамастан мектеп жасындағы балалардың бұған немқұрайлы қарап жүргенін айтуда. Дәрігерлер, аш күйде миға энергия беретін қан шекерінің төмендеп түсіп кететіндігін айтқан. Ал қан шекерінің жеткілікті мөлшерде болуы үйрену және есте сақтауды жүйелейтінін атап өткен. Таңғы астың миды энергиямен қамтамасыз етіп, оқушының сабағын жақсы үйренуіне әсерін тигізетінін айтқан мамандар ата-аналарға балаларын міндетті түрде мектепке таңғы асын ішкеннен кейін жіберуін кеңес беруде.

Бүгін - Бүкіл әлемдік темекі шекпейтін күн

31 мамыр бүкіл дүние жүзінде “темекі шекпеу күні” болып тойланып келеді. Темекінің зияндары, темекі индустриясының сауда қолданымы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекі індетімен күресуде нендей шаралар жасағаны турасында мәлімдемесі және дүние жүзінде өмір сүріп жатқан адамдардың салауатты өмір сүру хұқықтарын қорғау және болашақ ұрпақтарды қорғау жолында қандай шаралар жасауға болатыны турасында пікірлер айтылатын күн. Бұл күні осы саладағы мамандар темекінің зияндарын және одан сақтану жолдарын адамдарға түсіндіруге тырысады. Әр жылдың 31 мамыр күні бүкіл әлемдік темекі шекпеу күні болып тойланады.