Сұхбат - Қаза намаздары қалай оқылады?
Қаза намаздарын бiр сәт те болса ертерек оқып, тәубе етiп үлкен жазадан құтылу керек. Сондықтан сүннеттердi де қаза ниетiмен оқу керек. Жалқаулықпен намаз оқымағандар, жылдар бойы қарыздары болғандар намазға тұрған кездерінде, сүннетті орындап жатқанда сол уақыттың алғаш қазаға қалған намазын қаза етуді ниет етіп оқуы керек. Бұлардың сүннетерді қаза намазы үшін ниет етіп өтеуі төрт мазһабта да қажеттi. Ханафи мазһабында үзірсіз қазаға қалдыру үлкен күнә. Бұл үлкен күнә бір намазды өтеу үшін өткен уақытта екі есе артуда. Өйткені намазды бос уақыт тапқанда дереу өтеу де парыз. Есепке, санаққа симайтындай осы қорқынышты азаптан және күнәдан құтылу үшін бесін намазының алғашқы төрт рәкатін оқырда ең алғаш қаза болған бесіннің парызы ниетімен қаза ету керек. Бесіннің соңғы сүннетінде алғаш қазаға қалған таң намазының парызына ниет етіп, қазасын оқу керек. Екінтінің сүннетінде алғаш қазаға қалған екінті парызына ниет етіп қазасын өтеу керек. Ақшамның сүннетінде алғаш қазаға қалған шам парызына ниетімен үш рәкат етіп оқу керек. Құптанның алғашқы сүннетін оқырда алғаш қазаға қалған құптанның парызын және соңғы сүннетін оқығанда алғаш қазаға қалған үтірге ниет етіп үш рәкат оқу керек. Осылайша әр күні бір күндiк қаза өтеледі. Сол күннің парыздары ретімен орындала береді. Тарауих намазында да қазаға ниет етіп қазаны орындау қажет. Қысқасы қанша жылдық қазасы болса да ниет етіп оқуды сонша жыл жалғастырады. Қазалар бітісімен сүннеттерді өз ниетімен оқи береді. Мүмкіндігі бар адам тек бір күндік сүннеттердің орнынан пайдаланып қана қоймай әр бос уақытында да қазаларын оқып тез арада қаза борыштарын өтеу керек. Оқылмай қалған қазалардың күнәсі күн сайын екі есе артады.