Сұхбат - СОҢҒЫ ДЕМ
Бір адамның қияметтегі жағдайы соңғы демінде мәлім болады. Пайғамбарлардан және жаннатқа баратындығы білдірілген адамдардан басқа ешкімге жаннаттық деп айтылмайды. Өйткені адамның соңғы демде қалай болатыны белгісіз.
Бір хадис шәрифте былай бұйырылды:
«Бір адам, бүкіл өмір бойы, жаһаннам отына апаратын күнәлар жасайды. Бұл адам соңғы күндерінде Жаннатқа апаратын жақсылықтар жасап Жаннатқа кіреді.»
Әһли бәйтті жақсы көрудің соңғы демде иманмен кетуге себеп болатынын әһли сүннет ғалымдары білдірген. Соңғы сөздің тәуһид калимасы болуына көп тырысу керек. Барлық дұғаларда соңғы демде иманмен кетуді сұрау керек.
Өлім – жоқ болу деген сөз емес. Рухтың денеге болған байланысының үзілуі деген сөз. Адамның бір хәлден басқа бір хәлге өтуі деген сөз.
Мәлімет - Білесіз бе?
- Бір көздің қызметін атқару үшін футбол алаңындай жерге соңғы жүйемен бір фабрика салу керек.
- Денемізде 60 триллион жасуша бар. Барлық жасуша жанды. Өседі, көбейеді және өледі. Денемізде секунтына 50 миллион жасуша өледі және көбейеді.
- Адамның миында 90 миллиард жүйке орталығы бар.
- Өкпе бронхтарын ашып, жазық жерге жайса 250 м2, (яғни футбол алаңының үштен біріндей) жерді алады.
- Көздің жасы микроптарды өлтіреді.
Тамырларымыздың ұзындығы 100 000 км.