Untitled Document

Әдеп-ахлақ - Жаман мінез жұқпалы

Жақсы мінезді болу үшін жақсы адамдармен, мінезі жақсы адамдармен достасу керек. Адамның мінезі досының мінезі сияқты болады.

Ұлы әулие Абдулхаким Арваси бұл мәселеге қатысты былай дейді:

«Оба ауруы өте жұқпалы ауру. Соған қарамастан мықты адам обамен ауырған адаммен бір бөлмеде болса, бір төсекте жатса, бір ыдыстан тамақ жесе, осылайша жеті жыл тұрса мықты адамға аурудың жұқпау мүмкіндігі бар. Бірақ, жақсы мінезді адам жаман адам тұратын бөлмеде бір кеш қалса да мықты адамға жамандықтың жұқпай қалу ыхтималы жоқ...”.

Еуропа Ислам дінін қабылдайды

Мен Мұхаммед (алейһиссалам) әкелген дінге оның ғажайып өміршеңдігі үшін үлкен құрметпен қарадым. Менің түсінігімше, бұл - өмірдің ауыспалы жағдайларына тез бейімделетін қабілетке ие бірден-бір дін, сондықтан барлық жастағы адамдарға сөзсіз ұнауы мүмкін. Мен оның өмірімен таныстым, меніңше, ол ғажайып жан, антихрист емес, қайта оны адамзаттың құтқарушысы деп білу керек.

Егер қазіргі әлемді басқару құқы сол секілді бір адамға берілетін болса ол барлық мәселелерді шешер еді және бұл шешімдер сондайлық тыныштық пен бақыт әкелер еді. Мен ертеңгі Еуропаның Мұхаммед дінін қабылдайтынын болжаймын, тіпті Еуропа оны қазірдің өзінде қабылдай бастады.

Бернард Шоу

«Шынайы ислам» 1т. 1936 ж