Мақала - Ана
Исламда әйел заты төмен саналады деп ойлайтын модерн (қазірі заманның) мырзалары мен ханымдарының ойының түбін ақтарып қарайтын болсақ, негізінде олардың аналарды жамандап, төмен санап жүргендіктерін байқаймыз. Ал бұлардың әрбірін ана туды емес пе?
Аналарға тіл тигізулерінің түрлері өте көп. Бұлардың ең бастысы дүниедегі ең қасиетті істерді орындап жүрген аналарға “бос әйел” деген лақап тағуы. Олардың түсінігі бойынша жұмыс істеп жүрген болу үшін міндетті түрде үйден шығу керек. Көшені көріп, көшеге көрінуі керек. Таңертеңгісін 8 кешкісін 9 арасы. Модерн болып көріну үшін, жұмысқа әр күні бірдей киімде, шаштың түсі де бірдей, күнде бір аяқкиіммен, бір сөмкемен баруға болмайдымыс. Жаңалап тұру керек, түстерін де келістіріп жүру керек. Модасы өткендерді ауыстырып жүру керек. Ал бүкіл осыларды қамтамасыз ету үшін әрине жұмыс істеу керек. Жұмыс істемесе бүкіл бұл шығындарды кім көтереді? Жақсы көріну үшін көп табыс табуы керек.
Үйден шығып жұмысқа бармайтын әйелдің істегендері “жұмысқа жатпайды” екен. Ол төмен саналатын “үй әйелі” екен. Ал үй әйелі болу қазіргі заманның адамдары үшін жаны жақтырмайтын іс саналады. Жұмыс әйелі болу жағымды келеді. Көше әйелі болу одан да ұнамды көрінеді.
Модерн адамдардың түсінігі бойынша ол күйеуінің ақшасын жейді. Бастықтың ақшасы ма, бастықтың таяғы ма, еркектердің ауыз иісі ма, күнделікті жұмысқа барып қайтардағы тығылыс автобустардағы абыржыған жағдайлар ма ол жағы маңызды емес. Бұлар өйткені жұмыстың бір бөлігі. Күйеуіңнің ақшасын жемесең болды не жесең де жей бер! Бастығыңның таяғын жейсің бе, немесе жұмыс меңгерушісінің таяғын жейсің бе өзің білесің. Тіпті көше бұзақыларының, немесе базардағы мұжықтардың тиісіп айтқан сөздері де тәуір тиеді. Үй әйелін ойласа ауыздары бұртыйады. Неге?! Олар еркін емес!
Бірақ олар ана! Балалары бар. Яғни дүниедегі ең қадірлі, ең асыл, ең құнды істі атқаруда. Яғни адам жетілдіруде. Ал модерн адамдардың ойынша ана болу жұмыссыздыққа жатадымыс. Ана болу жұмыс істеуге жатпайды екен.
Ең қызығы не білесіздер ме: Басқалардың туған балаларына қарау үшін құрылған мекемелерде бала бағушы болып істеу “жұмыс” болып саналады да, ал өз туған балаңа қарау “жұмысқа” жатпайды екен. Модерн адамдар кездейсоқ балалы болғандарында жағдай мынаған тіреледі: Әкесі жұмысқа, шешесі жұмысқа, бала балабақшаға, үй пансионат, ал үйдегілер болса пансионат тұрғындары халіне келеді.
Одан кейін “бала бағамыз ба әлде ит бағамыз ба?” деген дилемма ортаға шығады. Тура Франция, Германия, Голландиядағы секілді. Ол жақтағы модерн әйелдер үшін ит асырау бала асыраудан да жағымды болып саналады.
Бірақ бір мәселе бар: ит міндетті түрде кішкентай болуы тиіс. Не дегенмен бұл әйел заты. Бір жандыны құшағына алып сүю қасиеті жаратылысында берілген. Бір жандыны бауырына басудан басқа шарасы жоқ. Жарайды бірақ ит орнына бала сүюге болмай ма?..
Қазіргі күні Германияда тіркелген иттердің саны халық санымен тең дәрежеге жетіп алды