Untitled Document

Мәлімет - Таза бал

Бал жалпы өзі алынған гүлдің ерекшелігіне ие болады. Өсімдіктердің иісі, дәмдері, ароматтық және емдік қасиеттері балға өтеді. Аралар ұяларынан әр шыққанда 5-6 шақырымды шарлап, 40 минутта шамамен 1200 гүлге қонады.

Бір грамм (бір тамшы) бал жинау үшін аралар 120000 гүлге қонуы керек.

Таза бал осылай алынады. Оның өндірістік құны да жоғары болады. Таза балды мына белгілерінен айыруға болады:

Йодтың ішіне бір шәй қасық бал салған кезде ыдырамайды,

Күкірт шырпысының ұшын балға батырып, шаққан кезде жанады,

Көшірме қаламның ұшын балға батырып жазғанда жазылады және түсі өзгермейді,

Кішкене қасық бал қайнатса, суытқаннан кейін бұрынғы қалпына қайтып келеді.

Күннің тарихы - Акка қорғаны

Франция Императоры Наполеонның көзі Мысырда еді. Француз әскерлері 1798 ж 450 соғыс кемелерімен келіп Александрия жағалауынан 60 мың адаммен Мысырға бет алады. Наполеон, Газаға, ол жерден Палестинаға қарай ілгерілей берді. Акка қорғанының алдына келіп 18 наурыз 1799 ж жұма күні шабуылын бастады. Жаззар Ахмет Паша бекініс қорғанысын басқарды. Напалеонның әр бір шабуылы қайтарылып үлкен шығындармен нәтижеленді. Жеңілмес деген атпен танымал болған Наполеон бұл қаһармандыққа қайран қалып кері шегінді.