Имандылық - Бір кеңес
Еркек болсын, әйел болсын барлық адам әрбір сөзінде, әрбір ісінде Аллаһу та’аланың бұйрықтарына бағынуы тиіс. Бір парыздың орындалуына, харамнан сақтанбауға мән бермеген адамның иманы кетеді. Имансыз өлген адам қабірде азап шегеді. Ақыретте тозаққа барып, оның отына мәңгі жанады. Кешірілуіне, тозақтан шығуына ешқандай мүмкіндік жоқ.
Кәпір болу өте оңай. Әрбір істе, әрбір сөзде иманнан шығу мүмкіндігі көп. Күпірліктен құтылу да оңай. Күпірліктің себебі белгісіз болса да, күнде бір рет Аллаһтан кешірім сұраса, яғни «Астағфируллаһ» десе, міндетті түрде кешіріледі. Яғни, «Йә, Раббым! Біліп және білмей күпірлікке себеп болатын бір сөз айтқан немесе бір нәрсе істеген болсем өкінемін. Мені кешір» деп тәубе етсе, Аллаһу та’алаға шын жүрегімен жалбарынса, кешіріледі. Тозақтан құтылады. Тозақта мәңгі жанбау үшін күн сайын тәубе етіп, кешірім сұрау керек. Осы тәубеден маңызды міндет жоқ. Құл ақысы бар күнәларға тәубе еткен кезде бұл ақыларын қайтару және қалып кеткен намаздарға тәубе еткен кезде парыздарды қаза ету керек.
Күннің тарихы - ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
Адамзат тарихындағы соғыстардың ең қандысы – екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталып, 1945 жылы 8 мамырда аяқталды. 38 миллионға жуық адам қайтыс болған бұл соғыста немістер жеңілді. Бірақ, аз уақыт ішінде күшті мемлекетке айналды.
Жеңген болып көрінгенмен, негізінде жеңілген ағылшындар еді. Империялары кішірейіп, барлық отарларынан біртіндеп айрылды. Қазіргі кезде экономикасы күн санап әлсіреуде. Халқының арасында жаман жолға түсушілік пен келеңсіздік кеңінен таралған. Осман империясының ыдырауында маңызды рөл ойнаған.