Тарих - АЙУБ СҰЛТАН
Түркияның Стамбул қаласында жерленген және жергілікті халық арасында «Айуб Сұлтан хазіреттері» деп танымал болған сахабаның аты Халид бин Зайд Әба Айуб әл-Ансари (радиаллаһу анһ). Мадиналық сахабалардың ең ұлылары қатарында. Пайғамбарымыз хижрет еткен кезінде 7 ай дәл осы ұлы сахабаның үйінде қонақ болған еді. Ол бүкіл соғыстарда қатысты. Хижри 50 жылы Стамбулға келе жатқан Суфйан бин Ауфтың басқаруында 33 сахаба бар еді. Бұлардан хазіреті Халид дизентерия ауруынан қайтыс болып шахид болды. Стамбул қорғандарының маңында науқастанып төсек тартқан Әбу Айуб әл-Ансариден өсиетін сұрағанда былай деп бұйырды:
«Расулуллаһтан Стамбул қорғандарының маңында бір салих адамның жерленетінін естіген едім. Сол адам мен болсам деген үміттемін. Осы себепті қайтыс болуымнан кейін мені жуып, денемді мұсылман әскерінің қала дауалдарына ең жақындай алған, ең ілгері жерге жерлеңдер!»
Сол күні мұсылмандар шайқасып қорғанға ең жақын келе алған жерлеріне Расулуллаһтың мубарек сахабасын жерледі.
Кейін арадан шамамен 1000 жыл өтіп, Фатих Сұлтан Мухаммед ханның ұстазы Ақшамседдин хазреттері оның қабірін тапты. Үстіне әдемі кесене мен жанына бір мешіт салдырды. Бұл мешіт 1776 жылы зілзалада құлап қалды. 1800 жылы жаңадан салынды. Сұлтан ІІ- Баязид ханнан бастап соңғы падишахқа дейін Османлы сұлтандарының барлығы патшалық қылышын белге тағу салтанатты рәсімін осы мешітте өткізген. Қазір де бұл жер Стамбулда ең көп зиярат етілетін және дұға жасалатын аймақтардың бірі. Айуб Сұлтан мазарында басқа да үлкен әулиелердің және сұлтандардың да қабірлері бар.
Күннің тарихы - Әйюб Сұлтанның қайтыс болуы
Әйюб Сұлтанның есімі Халид бин Зәйд. Ұлы сахабалардың бірі. Расулуллаһ Мадинаға хижрет еткенде бұның үйінде 7 ай қонақ болған. Бүкіл соғыстарға қатысқан. Хижри 50 жылы Суфиян бин Ауфтың басшылығымен Стамбулға келген әскерлер арасында 33 сахаба бар еді. Бұлардың ішінде Халид дизентериядан қайтыс болды. Фатих Сұлтан Мехмет Ханның ұстаздарынан Акшамседдин хазреттері қабірін тапты. Үстіне әдемі кесене, жанына бір мешіт салынды. Қабірінің үстіндегі жазуларды Сұлтан ІІ Махмут жаздырған. Кесенесіндегі асулы 2 қатар шумақты Сұлтан ІІІ Сәлим айтқан. Османдық әміршілер таққа отырғанда осы кесене алдында Жұма күні қылыш асынатын. Бұл рәсім “қылыш рәсімі” деп аталған.