Untitled Document

Қазақстан Республикасының халқы

Ел халқының саны 2008 жылғы 1 қаңтардағы анықталған мәліметтер бойынша 15571,5 мың адамды құраған. Оның ішінде қала тұрғындарының саны – 8265,9 мың (53,1%), ауылдық жерде тұратын халық саны – 7305,6 мың (46,9%) адам. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке қарағанда биыл халық саны 174,6 мың адамға артқан, яғни 1,1%-ға өскен. Осы кезеңде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа аймақтарда халық санының өскені байқалады. Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысына келсе – 49,0 мың адам, керісінше Шығыс Қазақстан облысында адам санының азаюы орын алып, онда 7,1 мың адамға кеміген.

2007 жылы АХАТ органдарында 321963 баланың дүниеге келгені тіркелген, ол 2006 жылғы көрсеткішке қарағанда 6,7%-ке артық. Осы уақыт аралығында 165543 ұл бала, 156420 қыз бала дүниеге келген, немесе 106 ұл балаға 100 қыз баладан келеді. Бала туушылықтың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 20,8 туылған баладан келеді.

2007 жылы елімізде дүниеден қайтқан адамдардың саны 158297 болса, оның ішінде 92385 адам қалалық жерде, 65912 адам ауылдық жерде дүниеден өткен. Қайтыс болған адамдардың жалпы коэффициенті 1000 адамға 10,2  дүниеден қайтқан адамға тең.

2007 жылы елімізде 1 жасқа дейінгі 4646 бала қайтыс болған, оның ішінде 2744 ұл бала, 1902 қыз бала. Балалар өлімінің коэффициенті дүниеге келген 1000 балаға 14,6 қайтыс болған баланы құрайды.

2007 жылы 2006 жылға қарағанда некеге тұрғандар мен ажырасқандар саны 6,7% өскен және тиісінше 0,8%, демек 146379 некеге тіркелу, 36107 ажырасу процесі болған. Некелесудің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,5 (9,0) некеге тұруды, ал ажырасу 2006 жылғы деңгейде қалып, 2,3% құрап отыр.

2007 жылы халықтың көші-қонының қалыпты айырмасы 10962 адамды құраған, оның ішінде ТМД мемлекеттерімен есептегенде 2846 адам. Республикамызға 53397 адам қоныстануға келсе, керісінше 42435 адам көшіп кеткен.

Қазақстанға көшіп келгендердің басым үлесі қазақтарда - 78,2% (73,0%), ал орыстар – 12,5% (14,0%), немістер – 1,0% (0,9%). Қазақстаннан көшіп кеткендердің басым үлесі орыстарда - 69,5% (67,4%), немістер – 7,1% (7,3%), қазақтар – 5,3% (6,8%).