Untitled Document

Сұхбат - РАХМЕТ ПЕРІШТЕЛЕРІ

Сұрақ: Көрініп тұрған адамның суреті, жануардың суреті, жүніп адам, сазды аспаптар және ит болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді деп айтылған. Ал рахмет періштелері кірмесе, бізге келер бір зияны бар ма?

Жауап: Періште кірмеген жерге шайтан кіреді. Періштелер күнәсіз, пәк болғаны үшін дұғалары қабыл болады. Рахмет періштелері кірмесе олардың дұғаларынан махрұм қалған боламыз. Хадистерде былай деп бұйырылған:

«Сірке суын қосып тамақтанған адамдарға екі періште тамақ біткенге дейін дұға етеді.» [Ибни Асакир]

«Періштелер сәреге тұрған адамға дұға етеді.» [Имам Ахмед]

«Дін бауырының бір жұмысын істеген адамға мыңдаған періштелер дұға етеді.» [Ибни Маже]

«Періштелер, адамдарға жақсылық үйреткен адамға дұға етеді.» [Тирмизи]

«Жатарда дәретпен жатқан адамға, сол түні бір періште таңға дейін, «Я Раббым, бұны кешір» деп дұға етеді.»  [Хаким]

«Дастархан басында қонақ барда періштелер үй иесіне дұға етеді.» [Табарани]

Олай болса рахмет періштелерінің жасайтын бұл дұғаларынан құр қалмау үшін, періштелердің кіруіне кедергі болатын нәрселерден ұзақ болуға тырысу керек.

Күннің тарихы - Ғазналы Махмуд

Ғазналы Махмуд “рахметуллаһу алейһ” Мұсылман түріктерден жетілген ең ұлы тұлғалардың бірі. Өте батыр және ықтиятты болған. Алғашқы Түрік-Ислам мемлекеттеріның бірі болған Ғазналылар мемлекеті бүгінгі Үндістан, Пакистан, Иран, Ауғаныстан топырақтарында Сұлтан Ғазналы Махмуд тарапынан құрылған. Өте білікті қолбасшы және саясатшы болған. Әдебиетке және білімге қатты мән берген. Жиі жиі Ислам ғалымдарын мәжілістеріне шақыртып олардан кеңес сұрайтын. Хадистерді жақсы білетін. Ғалымдарға дін адамдарына, қолөнершілерге және әскерлерге қатты мән беретін, оларға қолдау көрсететін. 45 жылы соғыс майдандарында өтті. 61 жасында 30 сәуір 1030 ж қайтыс болды.