Untitled Document

Тарихи тұлғалар - ІІ- Абдулхамид хан (1)

Қызы Айша Османи әкесі туралы былай әңгімелейді:

“Әкем Абдулхамид хан сани (екінші) күнде ерте жатып ерте тұруға дағдыланған еді. Таңертеңгісін күн шықпастан тұрып моншаға кіріп жуынатын. Моншаның сыртқы бөлігінде отыратын орындық жасатқан болатын. Сол жерде отырып киініп, таң намазын сол жерде оқып кейін таңертеңгілік асқа отыратын.

Ауырғанынан кейін кассия ұнтағын шекермен араластырып қабылдайтын. Жарты стакан сүтті минералды суменен араластырып ішетін. Бұдан кейін кофемен темекіге өтетін, кейін жеке бөлмесіне (гарем) кіріп ол жақтан іс басына баратын. Үстеліне отырып Басхатшы Пашаны шақыртатын.

Бұл жерде шамамен сағат 11-ге дейін ресми істермен шұғылданатын. Ас дайын болғанда жеке бөлмесіне кіріп анам екеуі асқа отыратын. Астан кейін жататын бөлмедегі диванға 15-20 минут жатып демалып, кейін таңертеңнен қалған істерді қарауға іс басына қайта баратын. Түстен кейінгі бұл жұмыс барысында басхатшысы немесе екінші хатшысын, басқа да көмекші өкілдерін қабылдайтын. Бұл жұмыстары кешке дейін жалғасатын.

(жалғасы ертең)

Күннің тарихы - Тарихи қате

Сұлтан ІІ-Абдулхамид ханға оның тақтан құлатылғанын мәлімдейтін топтың мүшелерін таңдауда сол кездері патшаға қарсы күресіп жүрген Бірлік партиясы (иттихат) қиянатшыл бір қателік жасады. Таңдалған топтың құрамында Айан мәжілісінің өкілдері армян Арам және Теңіз күштерінің генералы Ариф Хикмет, (Греция) Салоник депутаты яһуди Эмануел Карасу және албан Эсад Топтани болған. Армяндық Арамның дұшпандығы Абдулхамид ханның Анадолу жерінде үлкен Армения мемлекетін құрғызбауы еді.

Яһуди Эмануел Карасу түріктерге болған дұшпандығымен танымал еді. Албандық Эсад Топтани болса падишахтың ескі көмекшілерінің бірі болатын. Патшасына қиянат жасап қоймай кейін республика кезінде Түркияға да қиянат еткен залым.