Мәлімет - Павлодар облысы
Қазақстанның солтүстік-шығысы, сәулетті алқап және Қазақстанның ірі өзені - Ертістің ағымы... Бұл - Павлодар облысы. Ол 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған. Облыс аумағы 124,8 мың шаршы км және Қазақстан аумағының 4,6% құрайды.
Облыс әкімшілік-аумақтық құрылымына 3 қала, 5 кент, 10 ауыл аудандары, 167 село және ауыл округтері кіреді.
Павлодар Сарыарқасында барлығы бар: жазық дала, аққайын тоғайлары, қарағай орманы, таулар, сан-алуан өзен. Ежелгі Ертіс өзені облысымызды екіге бөледі. өзен алқабы өте (бірегей) және берекелі.
Дала жазықтары облысымыздың көп жерін алып отыр. Ежелден қазақтар оны Сарыарқа деп атаған. Расындада, бұл жер өте бай. Облыс Қазақстан Республикасының минерал және шикізат жиынында бастаушы орындардың бірінде.
Облыс орталығы – Павлодар қаласы ерекше, қайталанбас келбетті. Ол жинақы, кең және жарық. Мұнда үйлесімді, бір бірін толықтырып ескі мен жаңа тіл табысып келеді. Сонда да, бұл алюминий, мұнайхимия, трактор, машина жасайтын зауыттары, үш қуат орталығы, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындары және басқалар, сондай-ақ ірі теміржол торабы, аэропорт, өзен порты және вокзалы бар үлкен индустрия орталығы. Павлодарда әр түрлі меншік нысанды барлығы 5 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Кәсіпорындар 250 жуық өнім түрлерін шығарады: бензін, сүйық отын, химия жабдықтары, картон, техникалық резеңке бұйымдары, күйіктас, жиһаз, силикат кірпіші, кесілген ағаш бұйымдары, құранды темір бетонды конструкциялар, медициналық шприцтер және басқалар.
Өзінің географиялық дәрежесіне, энергетикалық қорына, пайдалы қазбалар және жоғары дәрежелі мамандардың бірталай қоры барына байланысты Павлодар облысы Қазақстанның индустриялық және мәдени жоғары дамыған өңірлерінің бірі. Оның шаруашылық жүйесі мемлекет экономикасына елеулі салым кіргізеді, сонымен республика ішінде еңбек бөлуде маңызды орын алып отыр.