Untitled Document

Сұхбат - Намаз оқу кiмдерге парыз?

Намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір ер және әйел мұсылманға парыз. Намаздың парыз болуы үшiн мына үш шарт орындалуы керек:

  1. Мұсылман болу тиіс.
  2. Ақылды болу тиіс.
  3. Балиғат жасына толу тиіс.

Дiнiмізде ақыл-есi толмаған, балиғат жасына жетпеген балалар намаз оқуы мiндеттi емес. Алайда, ата-аналар балаларына дiни тыйымдар мен ғибадаттарды әдеттендіруі тиiс. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда былай деген: «Әрбіріңіз бiр отардың шопаны сияқтысыз. Шопан отарын қасқырдан қорығаны сияқты, сіздер де жанұяңыздағы және қол астыңыздағы жандарды тозақтан қорғауға тиiссiздер. Оларға мұсылмандықтың шарттарын үйретулерiңіз керек. Үйретпесеңіз жауапқа тартыласыздар.» Тағы бiр хадисте: «Дүниеге келген әрбiр сәби мұсылмандыққа икемді болып туылады. Оны кейiннен ата-аналары христиан, яһуди немесе дiнсiз қылады.»- деген.

Олай болса, әрбiр мұсылманның ең басты мiндетi балаларына Құран Кәрiмді мен исламның шарттарын үйрету. Баласының мұсылман болуын, бұл дүние мен ахыретте бақытқа кенелуiн қалаған ата-ана алдымен осы мiндетiн орындауы керек. Өйткенi, ағаш жас кезiнде егіледі.

Ислами iлiм мен әдептен бейхабар өскен бала жаман жолдағы адамдарға тез алданады. Осылайша ата-анасына, еліне, халқына және ұлтына лағынет келтіретін бұзақы адам болып шыға келедi.