Сұхбат - Дін адамға не үшін қажет?
Барлық жаратылысқа барлық нығметтерді, жақсылықтарды беретін тек қана Аллаһу та’ала. Барлық нәрсені бар еткен де Сол. Жекелеген жақсы қасиеттер адамдарға Аллаһтың рақымдығымен беріледі. Тіршілік ету, білу, есіту, көру, сөйлеу, қозғалу сипаттары Аллаһ тарапынан беріледі. Сансыз нығметтерді берген де Сол. Адамды қиналыстан құтқаратын, достың, дұшпанның, имандының, имансыздың барлық қажет нәрсесін жіберетін де – Сол. Ол имансыздарға нығмет беруді шектемейді, жазалануы тиістілерді жазалауда асықпайды. Нығметін досқа да, дұшпанға да бірдей шашады. Бүкіл нығметтердің ең құндысы – мұсылмандықты айқын көрсетеді. Жаратқандарының ішіндегі ең жақсылары болған пайғамбарларына бағынып, мәңгілік бақытқа жетуді бұйырады.
Жақсылық жасаған адамға рахмет айтылатынын барлық адам біледі. Бұл адамдық - парыз. Ол адамға құрмет көрсетіледі. Олай болса барлық нығметтің ақиқат иесі – Аллаһу та’алаға шүкіршілік ету – адамзаттың парызы. Алайда, Аллаһу та’ала барлық айып пен кемшіліктерден пәк, ал адам баласының кемшіліктері өте көп, сондықтан олардың Аллаһпен қатынасы жоқ. Оны қалай ұлықтауды, Оған қалай шүкіршілік етуді, Оған қалай сыйынуды білмейді. Оған айтатын жақсы сөздер Оның тарапынан жаман болып қабылдануы мүмкін. Оған деген құрметтері, Оған жасаған ғибадат түрлері, Оның өзінің тарапынан түсіндірілмеген болса, ол әрекеттер лайықты әрекеттер деп саналмайды. Міне, өзі көрсеткен иман ету, ғибадат және шүкіршілік ету түрлері – пайғамбарлар көрсеткен діндер болып табылады.
Адамдар пайғамбарлар көрсеткен осы діндерге сене отырып, Аллаһу та’алаға дұрыс иман келтіріп, дұрыс ғибадат жасаған. Осылайша әлемде еркін және тыныш өмір сүрген ақыретте есепсіз нығметке қауышқан. Ал сенбегендер дүниеде адамша жақсы өмір сүре алмаған, ақыретте шексіз азапқа душар болған. Міне, ақылы толық әрбір адам баласына дін, яғни Ислам діні қажет. Оған сену және мойынсұну – ақылдың талабы