Тарих - Мәмлүк мемлекеті
Мәмлүк мемлекеті (1250-1517) – Мысыр және Сирия жерлерінде билік еткен мемлекет. Мәмлүк арапшада «құл» дегенді білдіреді. Ислам тарихында алғаш рет мәмлүктерді қолданған Аббаси халифалары болған. Аббаси әскерлерінде түрк мәмлүктер саны 35 000 жеткен. Тулунидтер және Ихшидтер мемлекеттерінде де маңызды орын алған мәмлүктер Әйюбилер дәуірінде де тым көп болды. Әйюбилерде екі түрлі әскери казарма болды. Бірінде қыпшақ түріктері жетіліп «Бахри мәмлүктері» деп аталды. Екіншісінде кавказдықтар болып «Буржи мәмлүктері» деп аталды. Мемлекет билігіне саты-саты көтерілген бахри мәмлүктері өзара келісіп Әйюби билігінің әлсіреген кезеңін күтіп жүрді. 1249 ж соңғы Әйюби сұлтаны Тұран шах өлтіріліп орнына Шажарадүр ханым отырды. 1250 ж Шажарадүр ханымға үйленген бахри мәмлүк Муизуддин Айбек сұлтан болып Мәмлүктер билігінің негізін салды.
Мәмлүк мемлекетінің тарихи ерекшелігі олардың моғол шапқыншылығына тойтарыс беріп Ислам әлемін үлкен пәлекеттен сақтап қалуы болды. 1261 ж Сұлтан Бейбарыс моғол шапқыншылығынан құлдыраған Аббасилерден Әл Мұнтасырды Каирге халифа етіп жариялауы да бүкіл сүнни мұсылмандардың қуанышымен қолдауын туғызды. 200 жылға созылған крест жорықтарымен биліктерін тоқтатты.
Мәмлүктердің ресми жазулары арапша болғанымен әскері және сарай адамдары қыпшақ түрік тілінде сөйледі. Мәмлүктер дәуірінде Мысырмен Сирия жерінде үлкен ғимараттар, мешіттер, медреселер салынды. Мәмлүк мемлекетін бахри мәмлүктер (1250-1381) құрғанымен кейіннен билік буржи мәмлүктердің (1383-1517) қолына өтеді. 1517 ж Осман мемлекетінен жеңілуімен Мәмлүк билігі аяқталады. Халифалығы және киелі жерлерінің қамқорлығы да Осман мемлекетіне өтті.