Untitled Document

Сұхбат - Үлгі болатын дұға

Хусейн бин Саид Стамбули хазреттерінің намаздардан кейін айтқан дұғасы:

Йа Раббым! Оқыған намазымызды қабыл ет! Ахыр өмірімізді қайырлы ет! Соңғы демімізде тәухид калимасын айтуымызды нәсіп ет! Өлгендерімізді мағфират (кешірім) ет!

Йа Раббым! Бізді шайтанның және дұшпанның жамандығынан және нәпсіміздің жамандығынан сақтай гөр! Үйімізге жақсылықтар, қайырлы және берекелі ризықтар ихсан ет! Мұсылмандарға амандық бере гөр! Дін дұшпандарын қарғысқа душар қыл! Мұсылмандарды илаһи жәрдеміңмен құтқар!

Йа Раббым! Ауруларымызға шипа, дерттерімізге дауа бере гөр! Риядан, жанжалдан, әр түрлі аурулардан, қазадан, бәледен, жалқаулықтан, әлсіздіктен, қор болудан, зұлымдық көруден, аздырған байлықтан және аздырған кедейліктен, шайтан және нәпсінің жамандығынан, дұшпанның басымдығынан, жаман мінезден, бидғат жасаудан, адасудан, ықылассыз амалдан, әр түрлі күнәдан, күпірге түсуден, жаман өмірден, өлерде келетін фитнәлардан, дінімізге және дүниемізге зиян беретін нәрселерден біздерді сақта!

Йа Раббым! Шынайы иман, көркем мінез, шүкір етуші жүрек, зікір етуші тіл, қазаңа және тағдырыңа ризалық көрсетер өмір, аз тамақтану, аз ұйықтау, аз сөйлеу, аз күлу және және дініңе көп қызмет етуді, қабір азабынан және ахырет қорқынышынан құтылуды, өмір бойы ризаңа лайық істер жасауды, шахит болып өлуді және соңғы демде әһли сүннет сеніміне сай иман және тәубе етуді нәсіп ет!

Йа Раббым! Өзіңе деген махаббатты, жақсы көргендеріңе деген махаббатты, Сенің махаббатыңа қауыштыратын амалдарға деген махаббатты маған нәсіп ет! Ілімімізді, ықыласымызды, қабілетімізді арттыра гөр! Жомарт және мейірімді құлдарыңнан болуды нәсіп ет!

Йа Раббым! Ата-анамызға, бала-шағамызға, туыстарымызға, достарымызға және бүкіл дін бауырларымызға қайырлы өмір және көркем мінез, дұрыс ақыл және денсаулық, дұрыс иман және дұрыс жолды нәсіп ет!

Амин!

Уәлхамдулилләһи Раббил аләмин. Аллаһуммә салли ала..., Аллаһуммә бәрик ала..., Аллаһуммә Раббәнә әтинә..., Уәлхамдулилләһи Раббил аләмин. Субхана Раббикә...