Untitled Document

Сұхбат - Дін дегеніміз не?

Дін – адамдарды мәңгілік бақытқа қауыштыру үшін Аллаһу та’ала тарапынан көрсетілген жол. Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламнан бері әр мың жыл сайын пайғамбарлар арқылы адамдарға дін жіберіп отырған. Адам алейһиссалам – алғашқы адам және алғашқы пайғамбар. Пайғамбарлар – Аллаһу та’аланың діндерін адамдарға уағыздайтын, жеткізетін адамдар. Жаңа дінді жеткізген пайғамбар “Расул” деп аталады. Жаратқан әр ғасыр сайын ең таза адамды пайғамбар ету арқылы діндерді қуаттандырып отырған. Расулдарға тәуелді бұл пайғамбарлар “Нәби” деп аталады.

Барлық пайғамбарлар бірдей иман мәселелері жайлы айтқан, яғни олардың әр қайсысы үмбеттерінен бірдей нәрсеге иман етулерін талап еткен. Адам алейһиссаламдан Мұхаммед алейһиссаламға дейін келген барлық діндерде имандың шарттары бірдей болған. Тек қана жүрекпен және денемен жасалатын амалдар мен сақтануы қажетті жағдайлар, яғни шариғаттары ғана басқаша болды. Аллаһу та’ала расулдары арқылы жіберген діндеріндегі бұндай жағдайлардың кейбіреуін қолданыстан алып, жаңа үкімдер енгізген. Әрбір дін, өзінен бұрын келген діннің үкімдерін жойып отырған.

Соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссалам өзінен бұрын келген барлық діндердің үкімдерін қолданыстан шығарған. Қазіргі кезде әлемдегі жалғыз дұрыс дін – Мұхаммед алейһиссалам уағыздаған Ислам діні. Бұл діннің ешқандай үкімі бұзылмаған. Ешқашан бұзылмайды да. Бұл діннің кітабы болып табылатын - Құран Кәрімнің еш өзгерместен сол күйінде Қияметке дейін сақталатынын Аллаһ Құранда уәде берген.