Untitled Document

Отбасы - Балалардың кіршіксіз әлемі

    Төмендегі сөздер өмірден алынған:

  • «Апа! Тырнақтар пласмастан жасала ма?»
  • «Әке! Ат тоқтап қалыпты бензині біткен болуы керек.»
  • Үш жасар баладан қаншадасың деп сұрағанда «айта алмаймын, қолымда саусақтары жоқ қолғап бар» депті.
  • «Апа! Сіз ұйықтағанда кино көресіз ба?»
  • «Менің әкем машинадан қатты қорқады, қашан жолдан өтетін болсақ дереу қолымнан мықтап ұстап алады.»
  • «Балам сен Айдоспен ойнама, ол жаман бала.»

«Ал мен ше жақсы баламын ба?»

«Әрине балам.»

«Онда Айдос менімен ойнасын.»

  • «Апа! етігімді кимеймін жер лай емес.» Баласы бір айналып қайтып келеді. «Апа! Тез етіктерімді беріңіз, лай тауып алдым!»
  • «Апа! Айдың батарейкасын ауыстырған болар жарқырап тұр.»

Күннің тарихы - Бірінші сәуір

Францияда бұрындары қолданылып келген күнтізбе король ІХ Чарльз заманында өзгертілген еді. Корольдің жарлығымен жыл басы сәуір айының 1-нен қаңтар айының 1-не ауыстырылады. Христиандарда жыл басы күні көңіл көтеру, ойын-сауық құру, бүгінгі сияқты ол кезде де әдет болған. Бұл ойын-сауықтар да қаңтардың 1-іне ауыстырылғанымен, Францияда кейбір адамдар королге наразылық ретінде, сәуір айының бірінші күні өтіріктен бір-бірін құттықтап, бірін-бірі алдай бастайды.

Осылай Францияда 1-ші сәуір қалжыңдары басталып, уақыт өте келе Еуропаға жайылып, өкінішке орай біздің де елімізге тарап кетті.