Сұхбат - Дәреттiң парыздары
Дәреттiң парыздары Ханафи мазһабы бойынша төртеу:
- Беттi бiр рет жуу.
- Қолдарды шынтақпен қосып бiр рет жуу.
- Бастың төрттен бiрiн мәсiһ ету.
- Аяқты тобықпен қосып бiр рет жуу.
Шафи мазһабында ниет пен тәртiп те парыз. Беттi жуғанда ниет ету қажет. Су бетке тимей тұрып ниет етсе дұрыс болмайды. Бет пен жақтағы сақалды жуу парыз. Малики мазһабында болса, дәретте жуылатын мүшелердi ысқылап, бір-бірінің артынша арасын үзбей жуу да парыз. Шииттер аяқтарын жумайды, жалаң аяқтың үстiне мәсiһ етедi.
Дәреттiң сүннеттерi
Дәреттiң сүннеттерi он сегiз:
-Дәретке “Бисмиллаһ” деп бастау.
Әуелi қолдарды бiлекпен қоса үш рет жуу.
Ауызға бөлек бөлек үш рет су алып шаю. Бұған Мазмаза делінеді.
Мұрынға да үш рет су алып сіңбіру. Бұған Истиншақ делінеді.
Беттi жуғанда қас, сақал және мұрттың астындағы көрiнбейтiн терiнi сумен ылғалдандыру.
Беттi жуғанда екi қастың астын ысқылау.
Сақалды мәсiһ ету.
Сақалдарының арасын саусақтарымен тарамдау.
Тiстерiн бір нәрсемен тазалау. (мисуакпен тазалау маңызды сүннет).
Бастың барлық жеріне бер рет мәсiһ тарту.
Құлақтарға бiр рет мәсiһ тарту.
Еңсені үш саусақпен бiр рет мәсiһ ету.
Қол және аяқ саусақтары араларын тарамдап жуу.
Жуылатын мүшелердi үш реттен жуу.
Беттi жуатын кезде көңілмен (жүрекпен) ниет ету.
Тәртiп: яғни рет-ретiмен жуу.
Жуылатын жерлердi ысқылау.
Әр мүшенiң арасын үзбей жуу.