Untitled Document

Сұхбат - Бидғат

Бидғат - “сүннетке (Исламға) қайшы келетін сенім (иман), амал және сөздер” дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала құлдарын өзіне құлшылық жасауы үшін жаратты. “Ғибадат” – “төмендік”, құлдық деген сөз. Яғни, адамның Раббысына, Жаратушысына мұқтаждығын, әлсіздігн, төмендігін көрсетуі. Бұл да әр ақыл, нәпсі және дәстүрдің жақсы немесе жаман деп қабылдағанына емес, тек Раббының жақсы-жаман дегендеріне сөзсіз тәслим болу, Оның жіберген кітабы мен пайғамбарларына сену және оларға бағыну дегенді білдіреді. Бір адам кезкелген бір істі орындарда Раббының рұқсат еткен-етпегенін ойламастан, өз ақылының мақылдауымен істесе, бұл әрекеті Аллаһқа құлшылық етпегендік, мұсылмандық міндетін орындамағандық болып саналады. Егерде бұл немқұрайлық сенім мәселесінде болса, иман келтіру бірауыздан бекітілген мәселеде болса, онда бұл әрекет “күпірлікке себеп болатын бидғат” болады. Бұл іс иман мәселесінде емес, сөз бен іс жүзінде болса, фысқ - үлкен күнә болады. Хадис шәрифте: «Кімде-кім дінде болмаған нәрсені дінге араластырса, ол нәрсе әрине қабыл болмайды» делінген. Демек дінде болмаған бір сенім, бір іс, бір сөз немесе жағдай дінге араластырылса және оған дін-ғибадат деп сенілсе, Ислам діні білдірген нәрселерге сырттан бір нәрсе қосылып немесе алып тасталып, бұл амалдан сауап күтілетін болса, бұл жаңалықтар, өзгерістердің барлығы “бидғат” болады. Бұлар істелгенде Исламға мойынсұнылмаған, оған иман келтірілмеген болады. Діндегі, ғибадаттағы емес, дәстүрмен әдеттегі жаңалықтар, яғни жасаудан сауап күтілмейтін өзгерістер бидғат болмайды. Мысалы, ішіп-жеу, көлік құралдарында, ғимараттарда жасалған өзгерістерге, жаңалықтарға дініміз қарсы емес. Сол себепті үстелде, бөлек ыдыстармен, қасық, шанышқымен тағам жеу, автокөлікке, ұшаққа міну, әр түрлі ғимарат, үй және асхана жиһазы қолдану және бүкіл жаратылыстану ғылымдары, құралдары дінде бидғат деп саналмайды. Оларды жасауға және пайдалы орындарда қолдануға болады.

Күннің тарихы - Харун Рашид

Харун Рашид Аббаси халифаларының бесіншісі. Мұхаммед Мәһдидің ұлы Жафар Мансурдың немересі. Қабірі Тус қаласында. Бауыры Мұса Хади қайтыс болғанында халифа болады. Әкесінің заманында екі рет Римдіктермен соғысып қаһармандық танытқан. Халифа кезінде Ерегли қаласына дейінгі жерлерді жаулап алды. 9 рет қажылыққа барып, Мекке және Мадина халқына көп сияпаттар жасады. Ілім және қолөнер иелеріне аса мән берді, олардан көмегін аямады. Өте әділетті еді. Харун Рашид 809 жылы Бағдатта қайтыс болды.

Имам Әбу Юсуф былай айтып береді:

Әкем қайтыс болғанында мен кішкентай едім. Хазреті Имам Ағзамның дәрістеріне қатысуды жалғастыра бердім. Бір күні анам ұстазымызға келіп айтты: “Ұстаз біз мұқтажбыз. Баламның жұмыс істеп ақша табуы керек.” Сонда ұстазымыз:

- Сен оған тиме. Ол мұнда сары май, пісте және бадам езбесін жеуді үйреніп жатыр. Оның табатын ақшасын мен беріп тұрайын.

Анам бұны мақұл көріп қайтып кетті. Аллаһу та’ала маған ілімде көп нәрселер нәсіп етті. Кейінірек маған қазылық лауазымы берілді. Бір күні Аббаси халифасы Харун Рашидпен дастархан басында отыр едік. Дастарханға сары май, пісте және бадам езбесін алып келді. Мен күлгенімде себебін сұрады. Хазреті Имам Ағзаммен байланысты болған осы оқиғаны айтып бердім. Харун Рашид “Шынында да ілім адамды биікке көтереді.” деп бұйырды.